Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2016

779

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед және ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов аталмыш жоспарды бекітті.

Аталған құжатқа «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен кеңейтілген отырыс барысында қол қойылды. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелері Қуаныш Сұлтанов, Абай Тасболатов, Серік Сейдуманов, Снежана Имашева, Фахриддин Қаратаев, Мәжілістегі ҚХА депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов, ҚХА Кеңесінің мүшесі Анатолий Башмаков, ҚХА-дан Мәжіліс депутаттары Наталья Жұмаділдаева, Ахмет Мұрадов, Шаймардан Нұрымов мен Шәкір Хахазов, сондай-ақ «Нұр Отан» мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Кездесу бейнеконференция форматында өтіп, қатысушылар арасында  партияның барлық облыстық филиалдары мен ҚХА өңірлік өкілдіктерінің басшылары да болды.

Шара қорытындысы бойынша Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан Елбасы саясатының басты бағыты – саяси тұрақтылық, қоғамдық және ұлтаралық келісім мен береке-бірлікті қамтамасыз етуге бірлесе ат салысуы керектігін айтып өтті.

«Төрағамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген жаңа міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізу үшін «Нұр Отан» мен Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық деңгейінде де, өңірлерде де үндесе қимылдауы керек. Бүгінгі қол қойылған құжаттың негізгі міндеті – осы», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Ералы Тоғжанов Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтер кезде халқымыздың екі бірдей беделді қоғамдық ұйымы уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін біріктіріп отырғанына тоқталды.

ҚХА Төрағасы орынбасары: «жаңадан түзілген жоспар өзін-өзі басқару жүйесін дамыту; азаматтық қоғам институттарын нығайту және мемлекеттік органдармен өзара әріптестіктің жаңа форматтарын енгізу; елде жүргізіліп отырған реформалардың азаматтар тарапынан қолдау табуы, халықтың азаматтық белсенділігін арттыру; қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігін азаматтық прициптер мен «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары негізінде нығайту сияқты бағыттарға жаңа леп береді. Жаңа іс-қимыл жоспары – бұл халықпен тұрақты пікіралмасу және кері байланыс жүйесі, бұл біздің жергілікті жерлердегі құрылымдарымыздың нақты, бірізді әрі келісілген іс-қимылы», - деді.

Бірлескен іс-шаралар жоспары жылдың соңына дейінгі мерзімді қамтыған. Оған ондаған жұмыс бағыттары кірді. Құжатта «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыру, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» президенттік бағдарламасын ілгерілету, ҚХА депутаттық корпусы мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының Парламенттегі өзара байланысы; сараптамалық және пікіралмасу алаңдарын ұйымдастыру; ҚХА Достық үйлері мен партияның қоғамдық қабылдаулары негізіндегі әріптестік; әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және ҚХА базасында қайырымдылық сияқты бағыттарға айрықша көңіл бөлініп отыр

Источник:http://nurotan.kz/kz/news/15989

Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар