07 Шілде, 2021
1151
Наталья Дементьева: «Нұр-Сұлтан – ел Тәуелсіздігінің жемісі»
Биыл Қазақстан елінің Тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде еліміз көптеген жетістікке жетіп, дүниежүзілік елдеріне танымал болды.
Ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы өзінің 23 жылдық тарихында әлемнің озық елдері көшбасшыларының басын қосатын саяси, мәдени орталыққа айналды. 2010 жылы Елордада өткен Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті – соның айқын дәлелі. Осы ұйымға қазақ елінің төрағалық етуі - бұрынғы кеңестік елдер арасынан ең алғаш рет болған оқиға екенін айтып өткен жөн. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда 2003 жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ұйымдастырылып, әртүрлі діннің өкілдері бас қосып отырады.
Елордамыз халықаралық саяси аренада өзінің орнын қалыптастырып, халықаралық қауымдастық санасатын дәрежеге жетті. Кезінде ЮНЕСКО Нұр-Сұлтан қаланы дүние жүзіндегі «Бейбітшілік қаласы» деп атады.
10-15 жыл бұрынғы Нұр-Сұлтан мен қазіргі Нұр-Сұлтанның мәдени әлеуетін салыстырсақ, айырмашылық жоқ емес. Елордамыз бүгінде рухани орталыққа айнала алды деп нық сеніммен айтуға болады. Қазіргі таңда зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келіп, Елордамыздың рухани-мәдени дамуына өздерінің үлесін қосуда. Соңғы жылдары қалада мәдени ошақтар көбейе бастады. Мәселен, Нұр-Сұлтанда Ұлттық академиялық кітапхана, Қазақстан Орталық концерт залы, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Ұлттық мұражай сияқты көптеген мәдени орталықтар пайда болды.
Нұр-Сұлтан қаласы саясат пен руханиятта ғана емес, сонымен қатар, спортта да үлкен жетістіктерге жетті. Мәселен, жыл сайын Елордада көптеген халықаралық спорт шаралары ұйымдастырылып, соның арқасында спортқа қызығушылығы мол жастардың саны артты. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тұңғыш рет VІІ қысқы Азия ойындары өтіп, соның нәтижесінде көптеген жастар қысқы спорт түрлерімен айналысуға ден қойды.
Бұл деген Нұр-Сұлтанның тек шенеуніктердің ғана емес, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдарының астанасы болғанын дәлелдейді.
Қорыта айтқанда, Елорда саясатта, руханиятта және спортта өзінің орнын қалыптастырып үлгерді. Бұның бәрі Тәуелсіздігіміздің арқасында деп білемін. Сондықтан барлық қазақстандықтар үшін Нұр-Сұлтан - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болып табылады.
Барша қазақстандықтарды Нұр-Сұлтан қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыда береке-бірлік, елімізде тыныштық болсын!
Наталья Дементьева,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32