Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2021

255

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация жұмысының кеңесі өтті

2021 жылдың 1 шілдесінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы медиацияны дамытуға көмек» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.Ли, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық Келісім» РММ директоры Е.Шәуенов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Н.Калашникова, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы, бітімгершілік рәсімдері бойынша үйлестіруші Г.Рахметова, ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы Н.Микаелян және т.б. қатысты.

Кездесу мақсаты – медиацияны және дауларды шешудің балама тәсілдерін дамытуға, медиация саласындағы жаңа мемлекеттік саясатты әзірлеуге жәрдемдесу.


Тәжірибе көрсеткендей, медиация дауларды (жанжалдарды) шешудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Медиацияның басты артықшылығы - жылы, достық қарым-қатынасты сақтай отырып, дауды сотқа дейін реттеу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің басты үйлестірушісі, оның стратегиясындағы негізгі бағыт қақтығыстардың алдын алу мен болдырмауды анықтайды. Бұл туралы ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Наринэ Микаелян хабарлады.

«Медиация институты бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде, құрылып, сәтті жұмыс істеуде, Сонымен қатар бірқатар елдерде медиация оны заңнамалық реттеуі мақсатқа сай, кейде қажет болып қалатындай сұраныс деңгейіне жетті», - деді ол.

Жалпы, жиын барысында ҚХА Медиация кеңестерінің қызметін жетілдіру, олардың қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қатысу мәселелері талқыланды, Ассамблеяның алдында тұрған жаңа міндеттер тұрғысынан осы институтты одан әрі дамыту шаралары белгіленді.

Кейін қарай