03 Қыркүйек, 2021
446
Нұр-Сұлтанда ҚХА-ның «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» дөңгелек үстелі өтті
Елордада Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онлайн-дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Дементьева, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастары, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ және БАҚ қатысты.
Іс-шараның мақсаты – тіл мәдениеті мен жалпы адамзаттық рухани құндылықтар қағидаттарына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өзінің алғы сөзінде ҚР Президентінің жаңа Жолдауының маңыздылығы туралы айтып, Мемлекет басшысының тіл саясатына басымдық бергенін назарға алды. Сондай-ақ, ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап республикада бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін ескеретін, елдің барлық этностарының тілдік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазіргі таңда әр түрлі этностың көптеген жастары қазақ тілінде сөйлейді деген пікірлерін білдірді.
Онлайн-конференция барысында республикалық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өңірлік құрылымдарының өкілдері мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметі жағдайында тіл саясатын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары бойынша қызықты пікір алмасу болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ