08 Қаңтар, 2021
737
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Алғыс» орденін табыс етіп, Елбасының еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
– Сіз Қазақстанның өркендеуі жолында көп шаруа атқардыңыз. Ең бастысы – дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім. Бұл – халыққа жайлы, берекелі және жақсы өмір сүруге, мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қос тірегіміз. Қалың көпшіліктің атынан Сізге зор алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бар ғұмырыңызды туған жерге қызмет етуге арнадыңыз, – деді Астана және Қазақстан митрополиті.
Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрға дінаралық және этносаралық татулық пен келісімді сақтау ісіне сіңірген еңбегіне жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.
– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз толеранттылықты, барлық этностар және діни конфессиялар достығы мен сенімін нығайту саясатын ұстандық. Бірлік пен достық – тұрақтылық пен дамудың кепілі, – деді Қазастанның Тұңғыш Президенті.
Елбасы православ христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.
– Қазақстанның барлық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын. Олар еліміздің дамуына, достық пен тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосып жатыр. Баршаңызға игілік, көтеріңкі көңіл-күй және отбасы бақытын тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазіргі уақытта татулық, тыныштық пен келісім Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы