Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ж.Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндады.

- Ассамблеяның алдында тұрған міндеттер айқындалды. ХХVІІ сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында басым бағыттар жария етілді. Аймақтағы этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, оның дәріптелуі мен насихатталуын қамтамасыз ету маңызды. Барлық облыстарда сәйкесті жұмыстар жүргізу керек, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның халықаралық бағыт бойынша қызметін күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті.

- Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблеяның жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. Аймақтық аспектіге ерекше көңіл бөлінуде. 2 ай ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, онда 4,5 миллион адам қамтылды, - деп мәлімдеді Жансейіт Түймебаев.

Кездесудің соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 

Back to the list