
19 Маусым, 2020
1075
Нұртөре Жүсіп: «Бурабайға барғанда қаптаған қоқыс көреміз...»
Нұртөре Жүсіп Бурабай мен еліміздің басқа аймақтарындағы тазалық жұмыстарына қатысты премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, жалпыхалықтың акция ұйымдастыруға шақырды7
Сенатор Нұртөре Жүсіп премьер-министр Асқар Маминге Бурабайдағы тазалық жұмыстарына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат табиғи қорғау аймағындағы жиналмаған қоқысқа алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша бұған туристер мен жұмысын тиісті деңгейде атқармайтын ұйымдар кінәлі:
– Ұлттық парктің жалпы жер көлемі – 129 299 гектар. Бұл – ерекше қорғауға жататын табиғи аймақ. Ал осы Бурабайға барғанда біз не көреміз? Қаптаған қоқыс... Шашылған заттар... Пластикалық бөтелке, умаждалған пакеттер... Көлдің суы лас... Қандай керемет демалыс аймағы! Қадірін неге білмейміз? Мемлекеттік Ұлттық табиғи парктің Тазалыққа жауапты тиісті бөлімдері мен құрылымдары бар. Мусордан аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жеттік – дейді Сенатор депутаттық сауалында.
Нұртөре Жүсіп өз сауалында бұл жағдай еліміздің басқа аймақтарында да орын алғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Жапония мен Канада сынды мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру керек. Ал тазалық – ұлттық құндылықтар қатарына шығару қажет.
– Мемлекеттік тұрғыдан шұғыл түрде тазаалықты сақтау, бақылау, реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттігі білініп отыр. Сізден осы мәселені қарап, Үкіметтің тиісті құрылымдары арқылы өз құзыреттері шеңберінде Іс-шаралар кешенін жедел қабылдауды сұраймыз, - деді сенатор.
Алайда, Сенат депутаты барлық жұмысты мемлекетке, Үкіметке байланысты емес:
– Тек қана демалыс аймақтарында емес, тұтас республика территориясында «Туған жерді таза ұстау» Жалпыұлттық акциясын ұйымдастыру керек. Бұл тұрақты өтетін шара болуы қажет. Мұндай акцияны барлық Қазақстан азаматтары қолдайды деп сенеміз! – деді Нұртөре Жүсіп.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Түркістанда ҚХА еріктілері тазалық мекемесінің қызметкерлеріне тәттілер үлестірді
-
Тазалық күніне орай өткен сенбілік
-
Ақтауда еріктілер Ыбықты сай шатқалын қоқыстан тазартты
-
Қызылордалық Мейрамкүл Жүсіпова республикалық байқауда жеңімпаздар қатарынан көрінді
-
«Тазалық өзіңнен басталады»
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Түркістанда ҚХА еріктілері тазалық мекемесінің қызметкерлеріне тәттілер үлестірді
-
Тазалық күніне орай өткен сенбілік
-
Ақтауда еріктілер Ыбықты сай шатқалын қоқыстан тазартты
-
Қызылордалық Мейрамкүл Жүсіпова республикалық байқауда жеңімпаздар қатарынан көрінді
-
«Тазалық өзіңнен басталады»