23 Ақпан, 2022
691
Түркістанда ҚХА еріктілері тазалық мекемесінің қызметкерлеріне тәттілер үлестірді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен бір топ ерікті жастар облыс орталығындағы тазалық мекемесінің қызметкерлеріне мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Белсенді жастар оларға көк туымыз бейнеленген жалаушалар мен ыстық шай, тәтті нандар ұсынды.
Ерікті жастар қала тазалығына жауапты қызметкерлерге көмектесу үлкен мәртебе екенін айтады. Бұл ретте, «Қайырымдылық жасасаң - қайырын өзің көресің» деген тәмсіл жастардың басты ұстанымы.
Коммуналдық мекеменің мамандары да еріктілердің игі қадамына рахметін айтып, ризашылығын білдірді. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасады. Осы орайда, жастар қаланың белсенді азаматтарын қатарларына қосылуға шақырады.
Сондай-ақ, ерікті топ мүшелері тұрғындарды қала тазалығын сақтауға үндейді. Себебі, «Таза қала - қоғамның айнасы» екенін ескерген жөн. Туған қаламызға жанашырлық танытып, нағыз еңбек адамдарының бейнетін бағалағанымыз абзал.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды