Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Маусым, 2016

1716

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын-алу – міндет

2016 жылғы 24 маусым күні Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектепте «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын-алу міндет» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараға         «Қоғамдық келісім» КММ-нің мониторинг  және сараптама бөлімінің маманы Т.Т.Сапаров қатысып, мектеп оқушыларын «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» шақырды. Жалпы нашақорлық адамзатқа қауіпті екендігіне бірнеше мысал келтіре сөйлеп, оқушыларға жазғы демалыстарының қызықты өтуіне тілектестік  білдірді: Тәрбиелік іс-шара жан-жақты ұйымдасқан түрде өтті.

 

 

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

тел.: 8-7132-55-83-42

e-mail: kogamdykaktobe@mail.ru

Кейін қарай