Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Наурыз, 2015

791

Наурыз мерекесіне орай өткен «Бір ел, бір тағдыр» өңірлік фестивалі

2015 жылдың 21 наурызы күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына және Наурыз мейрамына орай, «Бір ел, бір тағдыр» өңірлік фестивалі өтті.

  

Фестивальдің мақсаты: Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін жаңғырту және сақтау; патриотизмді насихаттау, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; этносаралық және қоғамдық келісімді нығайту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, этикалық және эстетикалық мәдениетін дамыту.

Фестиваль шеңберінде «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» этномәдени бірлестіктерінің қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге көрермендерге қазақ халқының салт-дәстүрінің театрланған қойылымы және дәстүрге сай «Наурыз көже» ұсынылды. Мерекелік шараға жиналған қауымды ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекшісі Е. Аязбаев, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті О. Шарипбаев алдағы келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, фестивальға қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестивальға қатысқан өңірлік 9 Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің солисттері, дуэттері, трио және вокалды ансамбльдері мемлекеттік тілде және өз ана тілдерінде әндер шырқап, өнерлерін көрсетті. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков фестивальға қатысушыларды дипломдармен марапаттады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы

Кейін қарай