Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Сәуір, 2017

966

«Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы аясында қомақты көмек көрсетілді

Облыс әкімі Е.Тоғжановтың өкіміне сәйкес облыс көлемінде  өтіп жатқан «Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.

Акция аясында Маңғыстау облысы Қазақстан залқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, меценат, «Достлуг» әзербайжан этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Гусейнов Шамсаддин Аллахвердиевич Ақтау қаласының 7 тұрғынына қайырымдылық көмек көрсетті.

Тұрғындардың арасында соғыс ардагері, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар бар.

Шамсаддин Аллахвердиевич әр тұрғынмен жеке сөйлесіп, олардың жағдайларымен танысып, шешімін таппай жүрген мәселелеріне тоқталды және шешу жолдарына кеңес берді, арнайы дайындалған  тамақ кәрзеңкесін сыйлады. Сонымен қатар Ақтау қаласының тұрғыны, 2-ші топтағы мүгедек Бақтыбаева Оразгүлге кислород беретін құрылғыны сатып алуға қаржылай көмек көрсетті.

«Анам қатты ауырып қалды. Жергілікті дәрігерлер келіп, бақылау жасап тұрады. Бірақ килород беретін аппарат алып берген Шамсаддин Аллахбердіұлына алғысымыз шексіз. Тезірек жазылып кетсе екен», - деді Оразгүлдің жалғыз қызы.  

Осындай игі істер алдағы уақытта  да жағаспақ.

Кейін қарай