
26 Сәуір, 2017
1150
«НАУРЫЗ МЕРЕЙІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Ақтау қаласының Достық үйінде «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясын қорытындылауға арналған мерекелік кеш өтті. Концерттік бағдарламаны Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассаблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Іс-шараға облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар, «Эйр Астана» компаниясының өкілдері, этномәдени бірлестіктер басшылары мен өкілдері, Ұлы Отан соғысы және ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық жастар ұйымдары, «Жағалау күзеті» теңіз әскерлері және т.б. ұйым мүшелері қатысты.
«Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжановтың өкімімен облыс көлемінде 20 наурызда бастау алып, 20 сәуірге дейін жалғасты. Акция аясында бір ай ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, қарттар үйлерінің қарияларына және тағы басқа көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешек, балалар ойыншықтары мен дәрі-дәрмектер алып берілді. Меценаттар кейбір азаматтардың үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, бөлме жиһаздарымен қамтамасыз етті.
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, «Достлуг» әзербайжан этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Шамсаддин Гусейнов 2-ші топтағы мүгедек тұрғынға тыныс алу аппаратын алуға қаржылай көмек көрсетсе, «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаум бір тұрғынға мүгедектерге арналған арба сыйлады. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың депутаттары Аббат Өрісбаев пен Абзал Меңдібаев Ұлы Отан соғысы ардагеріне теледидар сыйға тартты.
Қайырымгерлер Ақтау қаласының №1 және №2 емханаларында есепте тұрған 34 науқастың үйіне барып, аталған көмектерді көрсетіп қана қоймай, жанына медеу болатын қолдауларын білдірді.
Сонымен қатар, акция аясында елді-мекендерді абаттандыру және тал мен көшеттер, гүлдер отырғызу, экологиялық және қоршаған ортаны қорғау шаралары ұйымдастырылды. Осы шарада қырғыз және корей ЭМБ өкілдері аса белсенділік танытып, ауруханалар, балалар үйлері мен қарттар үйлерінің, мешіттер ауласына мыңнан астам тал отырғызып, гүлдер екті.
Концерттік бағдарлама барысында қайырымдылыққа арналған жәшік қойылды. Жүрегі жомарт жандар көп болып, жәшікке 743 мың теңге көлемінде қаражат жиналды. Ол қаражатты арнайы жасақталған комиссияның шешімімен аса мұқтаж жандарға көмек ретінде беріледі.
- Татулық пен қайырымдылықты ту еткен шараға үкіметтік емес ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер белсене атсалысты. Кеш барысында
қайырымдылыққа арналған жәшікке қаржы салғандар да көп болды. Бұл арнайы жасақталған комиссияның отырысынан соң аса мұқтаж жандарға беріледі, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті