28 Тамыз, 2015
1540
Немістерді депортациялау күнін еске алу
Әр адамның өмірінде, отбасында жанға бататын қайғыны еске түсіретін күндер болады. Неміс этносы үшін бұл күн 28 тамыз - немістерді депортациялау күнін еске алу болып табылады.
Әр адамның өмірінде, отбасында жанға бататын қайғыны еске түсіретін күндер болады. Неміс этносы үшін бұл күн 28 тамыз - немістерді депортациялау күнін еске алу болып табылады.
Бұл күні 1941 жылы неміс және орыс тілдерінде «Повольже ауданында тұратын немістерді Қазақстанға жер аудару туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы шықты. Баратын жердегі халықтың тілін, салт-дәстүрлерін, мәдениетін білмейтін, бірақ қамқорлық пен көмекке зәру болған неміс этносы үшін бұл тағдырларының жаңа тарихы басталатын жылдар болды. Қазақ халқы көмекке зәру болған адамдарға қамқорлық қолын созды. Сол кезден бері 28 тамыз немістерді жаппай депортациялауды еске алу күні болып табылады.
2015 жылы 28 тамызда Петерфельд ауылында Солтүстік Қазақстан облысы «Видергебурт» неміс мәдени орталығының бастамасымен Ұлы Отан соғысы жылдары депортациялау кезінде зардап шеккендерге арналған іс-шара өтті.
Еске алу күні өткен ғасырдың қырқыншы жылдары депортациялаудың жазықсыз құрбаны болған этностық немістер ғана емес, сонымен қатар басқа да этностық топтардың өкілдері сол қиын да қорқынышты уақыттан сақталған естеліктерімен бөлісуге ниет білдірді.
Германияға кеткендердің туған жері Петерфельдті еске алып жазған өлеңдері оқылып, сондай-ақ қуғын - сүргін кезінде ауыр күндерді бастан кешіп, қаза болған адамдарды еске алу рәсімі өткізілді.
Петерфельд ауылы мектеп музейінің қызметкері Белоус Валентина Васильевна ауылдың пайда болу тарихы туралы, аштық кезінде қуғынға ұшыраған немістердің жергілікті халықпен бірдей еңбек етіп, осы ауылды салуға сіңірген еңбектері туралы айтты.
Іс-шара кезінде бір минуттық үнсіздік жарияланып, қуғын – сүргінге ұшырағандарға арналған гүл қою рәсімі болды.
Кездесудің соңында барлық қатысқан адамдар үшін түскі ас ұйымдастырылып, дастархан басында неміс халқының қайғылы тағдыры туралы аға ұрпақтың естеліктеріне ден қойылды.
Неміс этностық тобы болашаққа деген сенімнің арқасында ауыр сындардан өткені, лагерьлердегі қиыншылықта, еңбек армиясындағы ауыр жұмыстарда аман қалғаны жас ұрпаққа үлгі болмақ. Сондықтан қандай жағдайда да адамдар өз халқының болашағына деген сенімі мен мәдениетін ешқашан жоғалтпауы керек.
«Видергебурт» неміс мәдени орталығы қуғын-сүргінге құрбандарын есте сақтау мақсатында осындай іс-шараны жыл сайын өткізіп келеді. Ол сондай-ақ неміс этносының тарихын зерттеуге назар аудартуды, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді мақсат етеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен активін салтанатты марапаттау рәсімі
-
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
18 Сәуір, 20:53
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
18 Сәуір, 10:56
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті