11 Желтоқсан, 2015
1523
Өнерлінің өрісі кең
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі және «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі 11 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Менің Қазақстаным» атты ән фестивалін өткізді. Орыс қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко құттықтау сөзінде «Бұл іс-шараның басты - мақсаты жас таланттарды қолдау, оларға демеу көрсету болып табылады. Біз көпұлтты Қазақстанды мекен етіп отырмыз. Сондықтан достық пен бірлікте өмір сүруге міндеттіміз»,- деді.

Жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген конкурсанттар патриоттық әндер орындап, елге, жерге деген құрметтерін көрсетті деуге болады. Кәсіби музыканттардан құралған әділқазылар алқасы бас жүлдеге Степногор қаласынан келген Мадина Қасеновны лайықты деп танып, оны дипломмен марапаттап, бағалы сыйлық – ноутбук тапсырды.
Сонымен қатар кіші орындаушылар тобынан 1-орынды Степногордан келген Виктория Грудина, 2-орынды Караева Диана, 3-орынды Арина Тыщенко иеленсе, ересек орындаушылар тобынан 1-орынға Назмина Сүлейменованы, 2-орынға Жарқын Серікжанды, 3-орынға Гаухар Әбішева мен Нұржан Исмағұловты лайықты деп танып, оларға дипломдар мен ұялы телефон, планшет сынды бағалы сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде орыс қауымдастығының төрағасы Александр Артеменко бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіле беретіндігін атап өтті.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды