14 Қазан, 2022
577
«Қоғам санасында азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тосқауылдар және оны шешу жолдары»
2022 жылғы 13-қазанда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы «Ұлы дала елі» орталығында «Қоғам санасында азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тосқауылдар және оны шешу жолдары» тақырыбында семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары болып табылатын ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және мемлекеттің жан-жақты ойластырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктерін насихаттау.
Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаев ашып, өз сөзінде ел президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында көрсетілгендей «Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Жаңа Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік», деп бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталды.
Семинарда ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, ОҚМПУ-нің «Маркетинг және мансап» департаментінің басшысы заңгер-ғалым, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы баяндама жасады.
Жалпы баяндамашылар Президентіміздің ұсынған жеті қағидасын негізге ала отырып, елдің бірлігі мен достастығы және этносаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп этностың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет екендігін ашып айтып берді.
Жиын соңында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы баяндамашыларға алғыс білдіріп, алдағы келе жатқан Республика күні қарсаңында барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, елімізде ынтымақ пен бірліктің туы желбіреп, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті