Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2017

880

Қоғамда қалай пайдалы бола аламыз?

Осындай қарапайым тәрізді көрінген сұраққа «Құқықтық мемлекеттің стратегиялық қағидаларын нығайтуда азаматтық қоғам институттарының рөлі» атты семинар-тренингтің спикерлері мен тыңдаушылары жауап іздеді. Семинар-тренингті Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі ұйымдастырды.

Жиналған өңірлік Қазақстан халқы ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділердің, оқу орындарының педагогтері мен жастардың алдында тарих ғылымдарының кандидаты, ТИГУ доценті Нышан Кахаров өз баяндамасын Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан бастап, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде баяндамасымен тыңдаушылар алдына шықты. Ол өз сөзінде: «Еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту - заңдарды қатаңдату немесе оларды тек қана жаттаттыру арқылы азаматтық қоғамды нығайту, әлде «бостандығымнан айырыламын» деп қорыққаннан ғана емес, елімізде әрбір азамат лайықты өмір сүріп, заң мен тәртіпті құрметтеу деген сөз. Азаматтық қоғам қаншалықты дамыса, мемлекет те соншалықты құқықтық болады» - деп атап өтті.

Семинардың келесі бөлігі топпен жұмысқа арналды. Азаматтық қоғам жобаларын әзірлеу және қорғау жайында тренингке қатысушылар арасында Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық тобының сарапшысы Альбина Тапаева практикалық сабақты жүргізді.

Кейін қарай