Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2022

320

Қоғамдық келісім кеңесінің төртінші тоқсандағы отырысы өтті

2022 жылғы 16-қарашада Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төртінші тоқсандағы отырысы өтті.

Отырыста Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлының «Аймақтағы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының жағдайы» тақырыбындағы ақпараты тыңдалды.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметкерге күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарған жұмыстарына ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды. Кеңес отырысында ұсыныстар мен сұрақтар хаттамаға енгізіліп, тиісті атқарушы ұйымның назарға алуына жолданатын болады.


Кейін қарай