13 Шілде, 2016
768
Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерімен кездесу
12 шілдеде Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерімен кездесу өтті.
Кеңесті Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Д.Деменбаев ашып, облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т. Қасымберкебаев мегажобаның мақсаты мен атқарылған жұмыстар жайында айтты. Сондай-ақ, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Н. Баймадиева «Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы» екенін алға тартып, «Мәңгілік ел» болуымызға өскелең ұрпақтың денсаулығы жақсы болуының маңызы зор екенін жеткізді. «Достық – Үйі Қоғамдық келісім орталығының» заңгер-медиаторы М. Қасымова медиация жайында халыққа түсіндірді.
Еңбекшіқазақ ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің, аудандық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі З. Раджабова, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж. Тойшыбеков, аудандық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі А. Камунаров сөз сөйледі. Іс-шара соңында аудандық қоғамның келісім кеңестерінің белсенділері Ә.Жұмабек. З.Мамиров, Г.Аликеева, Ж.Тойшыбеков. Н.Сейтов. Ж.Керімқұлов, Т.Нығайтбасов және «Арзу» халықтық ән-би ансамблі алғыс хаттармен марапатталды. Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері Ассамблеяның алдағы жұмыстарына табыс тілеп, рахмет айтты.
Жиналған қауымға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады