
27 Маусым, 2024
274
Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация институтының рөлі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті
Астана қаласында «Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация институтының рөлі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырушы - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты.
Іс-шара барысында этносаралық қатынастар саласындағы медиацияны институттандыру мәселелері мен оның қазіргі қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге әсері қарастырылды.
Кездесуге қатысушылар этномедитация қақтығыстарды шешуде, этникалық топтардың сенімі мен интеграциясын нығайтуға ықпал ете отырып, қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Этномедиацияны тиімді пайдалану этносаралық қатынастардың сапасын едәуір жақсартып, қоғамның бірігуіне ықпал етеді.
Сарапшылар Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Президент белгілеген «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда этномедиация құралдарын қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.
Іс-шарада Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Талғат Қалиев және «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова баяндама жасады. Баяндамашылар арасында белгілі тарихшы Сымбат Шәкіров сөз сөйледі. Кездесудің модераторы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығының этномедиаторы Рустем Бектрумов болды.
Талқылауға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан тарихы, саясаттану және заң саласындағы белгілі ғалымдар, сарапшылар, медиаторлар мен зерттеушілер қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ