16 Қыркүйек, 2015
771
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі
2015 жылғы 16 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті.
2015 жылғы 16 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті.
Мәжілісті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми-сарапшылық топтың, аналар кеңесінің мүшелері, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісте облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қалыбекова Асма Ахметқызын 70 жасқа толуына орай облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың құттықтау хаты оқылып, арнайы сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымдығына Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан сайланды. Р.Оспаналиева облыстық мәслихаттың депутаты, «Саясаткер әйелдер» клубының төрайымы, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады.
Сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан облысы халқының мәдени мұрасын жаңғырту және сақтау арқылы этносаралық және конфессияаралық келісімді дамыту» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың профессоры, п.ғ.д., облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарпашылық топтың жетекшісі А.Қалыбекованың баяндамасы тыңдалды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастыру және өткізу мәселесі басты назарда болды. Мәселені талқылауға мәжіліске қатысушылардың барлығы белсене атсалысты.
__________________
Анықтама алу және БАҚ-ты тіркеу үшін байланыс телефондары:
+7 (7252) 77-05-97, +7771-137-06-82
ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ- нің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті