Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Шілде, 2019

4599

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ДӘРІГЕРЛЕРІ ШҚО НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Достық үйінің қабырғасында Астана күніне арналған іс-шара өтті.

Мерекеге Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының белсенділері қатысты.

IMG_9969.JPG

Аталған іс-шараның мақсаты – бірыңғай мемлекеттік мерекелерді дәріптеу арқылы Шығыс Қазақстанда тұратын этностардың мәдениетін қайта жаңғырту және бейбітшілік пен келісімді сақтау идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі біріктіру болып табылады.

IMG_9926.JPG

Концерттік бағдарламаға Достық үйінің шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктері қатысты. Өскемен қаласының Құрметті азаматы Шик Лео Богданович құттықтау сөз сөйлеп, ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы»  КММ  директоры Эльдар Төлеубеков қонақтарды Астана күнімен құттықтады және этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен төрағаларын алғыс хаттармен марапаттады. 

Одна кейін ШҚО Кәрістер қауымдастығының төрағасы Юлия Кунст Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай қайырымдылық акциясын өткізіп, онда Оңтүстік Корея дәрігерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсетті. 

IMG_0002.JPG

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Оңтүстік Кореяның DEVAL оңалту орталығынан  келген Пак Бюнг Джун, Ким Хеон Ву, Ким Джун Гю сынды дәрігерлер нейрореабилитация, балалар реабилитациясы, ортопедиялық және спорттық реабилитация, физиотерапиялық процедуралар негізінде  халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсетті.

Қабылдауға 30-дан астам адам жазылды. Олардың арасында бүлдіршіннен бастап қартқа дейінгі тұрғындар  шетелдік мамандардан өз ден-саулықтары бойынша кеңес алып, өз ризашылықтарын білдірді.

IMG_0003.JPG

Денсаулығын тексертуге келген Роман атты кішкентай тұрғын ата-анасы Корея дәрігерлерінің көрсеткен қызметіне ризашылықтарын білдірді. 

Дәрігерлер оңалту - пациенттің және оның жақындарының төзімділігі мен табандылығын талап ететін ұзақ процесс екенін және берілген кеңестерді орындау арқылы денсаулықты қалпына келтіруге болатынын атап өтті. 

IMG_9889.JPG

Іс-шара барысында «Би марафоны-2019» сайысы өткізілді, онда жастар қаражорға, сыған биі, рок-н-ролл, вальс, лезгинка сияқты би бағыттарында жарысты. «Экстази» шоу-балеті, «Вдохновение», «Русская песня» вокалдық ансамбльдері мерекенің сәнен ашып, «Дуэт» балдық би студиясы мен көркем әнші Анастасия Клостер көрермендерді өз шығармашылықтарымен тәнті етті. 

Кейін қарай