09 Шілде, 2019
4712
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ДӘРІГЕРЛЕРІ ШҚО НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Достық үйінің қабырғасында Астана күніне арналған іс-шара өтті.
Мерекеге Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының белсенділері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – бірыңғай мемлекеттік мерекелерді дәріптеу арқылы Шығыс Қазақстанда тұратын этностардың мәдениетін қайта жаңғырту және бейбітшілік пен келісімді сақтау идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі біріктіру болып табылады.
Концерттік бағдарламаға Достық үйінің шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктері қатысты. Өскемен қаласының Құрметті азаматы Шик Лео Богданович құттықтау сөз сөйлеп, ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Эльдар Төлеубеков қонақтарды Астана күнімен құттықтады және этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен төрағаларын алғыс хаттармен марапаттады.
Одна кейін ШҚО Кәрістер қауымдастығының төрағасы Юлия Кунст Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай қайырымдылық акциясын өткізіп, онда Оңтүстік Корея дәрігерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсетті.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Оңтүстік Кореяның DEVAL оңалту орталығынан келген Пак Бюнг Джун, Ким Хеон Ву, Ким Джун Гю сынды дәрігерлер нейрореабилитация, балалар реабилитациясы, ортопедиялық және спорттық реабилитация, физиотерапиялық процедуралар негізінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсетті.
Қабылдауға 30-дан астам адам жазылды. Олардың арасында бүлдіршіннен бастап қартқа дейінгі тұрғындар шетелдік мамандардан өз ден-саулықтары бойынша кеңес алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Денсаулығын тексертуге келген Роман атты кішкентай тұрғын ата-анасы Корея дәрігерлерінің көрсеткен қызметіне ризашылықтарын білдірді.
Дәрігерлер оңалту - пациенттің және оның жақындарының төзімділігі мен табандылығын талап ететін ұзақ процесс екенін және берілген кеңестерді орындау арқылы денсаулықты қалпына келтіруге болатынын атап өтті.
Іс-шара барысында «Би марафоны-2019» сайысы өткізілді, онда жастар қаражорға, сыған биі, рок-н-ролл, вальс, лезгинка сияқты би бағыттарында жарысты. «Экстази» шоу-балеті, «Вдохновение», «Русская песня» вокалдық ансамбльдері мерекенің сәнен ашып, «Дуэт» балдық би студиясы мен көркем әнші Анастасия Клостер көрермендерді өз шығармашылықтарымен тәнті етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50