Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Тамыз, 2017

857

Облыстық аналар кеңесінің форумы

2017 жылғы 4 тамыз күні Құрманғазы аудандық әкімшілігінде Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.  Оның мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылау және Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жандандыру.

Жиынға Құрманғазы ауданының әкімі Шаяхметов Бибоз Байдаулетұлы, Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қыстаубаева Әсия Баянқызы және ауданның 19 ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Б.Шаяхметов жиналғандарды іс-шараның мақсатымен таныстырды. Қоғамдағы келісім мен жалпыұлттық бірегейлікті нығайту мақсатында құрылған жұмыс бағыты туралы және Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жандандыру жөнінде Атырау облыстық әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  Т.Аман-Турлина өз ойын ортаға салды.

Сонымен қатар отырыста Президентіміздің мақаласында жүйелі жүктелген міндеттерді талқылап, Құрманғазы аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ақпанов Зинетолла Сұлтанғалиұлы сөз сөйледі.
Қоғамдық келісім кеңесі құрылған уақыттан бастап, өңірдегі іс-шаралардың бел ортасынан көрініп, қоғамдық маңызды істерді қозғаушы күштердің бірі болуға ат салысып келеді.

Іс-шара соңында 19 ауылдық округтердің Қоғамдық келісім кеңесінің төрағаларына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жазылған "Атырау этностары" атты кітап табыс етілді.

Түстен  кейін Құрманғазы ауданының мәдениет үйінде «Елдіктің мұраты, қоғамның қуаты - Анада» тақырыбында облыстық форум басталды.   Облыстық форумның басты мақсаты: Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақ орамал» акциясы аясында халыққа бейбітшілік идеясын ұғындыру және ауданда әр жылдарда өмір сүріп, туған жердің бейбіт болашағы үшін еңбек еткен аналардың өмір жолдары мен жеткен жетістіктерін ұлықтап үлгі ету, оның рухани байлығына мән беріп, жастардың санасына ізгілік ұялату.

Іс-шараның алдында келген қонақтарға қолөнершілердің қазақы мәнермен тоқылған неше түрлі бұйымдары мен салған суреттерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Форумды Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов құттықтау сөзімен ашып берді. Қазақтың ұлттық киімін киген бір топ келіндер залда жиналған Аналарға сәлем етіп иықтарына ақ орамал жапты.

Саяси партияны басқарған, облысымызға танымал кәсіпкер Ағила Кенжеғалиқызы аудандағы көп балалы аналарға қайырымдылық акциясын жасады, атап айтатын болсақ,  20 адамның әрқайсысына  20 мың теңгеден, төрт жүз мың (400 мың) қаржылай көмек көрсетті.

Одан әрі форум аясында «Ақ орамал» акциясы жалғасын тауып, облыстан келген қонақтар мен аудандағы әр салада жұмыс істеп, есімі елге танылған аналар замандастары мен жас аналарға ақ орамалдар табыстады.

Мұның өзі кейінгі ұрпаққа аталардың өсиетін, аналардың аманатын жеткізу деп есептейміз.

Форумның соңында халық емшісі Дәметкен Серікбайқызының ақ тілегін жолдап, Нұржау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Харесұлы батасын берді.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события ассамблеи: 09.08.2017

Кейін қарай