
24 Наурыз, 2017
1710
Облыстық Достық үйінде қостанайлықтарға көне қазанда пісірілген наурыз-көже таратылды
150 литрге жуық дәстүрлі дәмді наурыз-көже қала қонақтары мен тұрғындарына таратылды.
- Қазан –біздің отбасымыздың жәдігері. Биыл бұл қазанға 242 жыл толды. Біз осы жәдігерді бірінші рет Наурыз мерекесіне шығарып отырмыз. 1997 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Федоров ауданына келгенде, осы қазанда бешбармақ пісірдік. Ал бүгін бірінші рет наурыз-көже пісіріп отырмыз. Бұрын бұл сусынды қалай дайындаған? Қысқы қордан қалған жармалар, кепкен немесе қапталған ет барлығы бірге пісірілген. Әрине, әркімнің өз дайындау жолы болды. Бірақ оттын үстінде пісіру – бұл дәстүр. Бұл қазанда 242 жыл бойы көптеген қажырлылық, жақсылық жиналды, сонымен біз сіздермен бөліскіміз келді, - деп қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жұмағали Арыстан айтты.
Сондай-ақ 150 кг бауырсақ және «Эребуни» армян қауымының өкілдерімен дайындалған 80 литр көже таратылды.
-Бұл көже мацун (ашымалы сүт өнімі) және дзавар (бидай жармасы) қоспасынан пісіріледі. Спас көжесі шипалы және әркімге сергектік, күш береді,- деп қауым төрағасының орынбасары Рачуи Геворгян айтып кетті.
Биыл Достық үйі 17 этномәдени бірлестікті құраған ортақ киіз үй құрды, оны киіз үйіндегі жинақты көріктендіріп тұрған шаңырақтағы 17 лента көрсетіп тұрды. Дастархан үстінде Наурыз, Новруз, Невруз, Нооруз рәмізін білдіретін – айна, сямяни (көктеп келе жатқан бидай), анар, алма, қант, чак-чак, пахлава, сарымсақ.
- Осы заттардың әрқайсысының өз мағынасы бар. Мысалға, сямяни Азербайжанда –табиғаттың жандануы, жаңа өмірідің дүниеге келуі, Түркияда сарымсақты үстел үстіне теріс күштерді қуу үшін, қант – молшылық, анар – денсаулық және ұзақ өмір сүру рәмізі, - деп «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Балажай Ардабаева айтты. Бұл мереке түркі халқына ғана емес, сондай-ақ славян халықтары үшін көктемгі күн мен түннің теңелуі. 21-22 наурыз қарсанында славян халқы қамырдан бозторғай пісірген. Осы құс бірінші ұшып келіп, көктемнің келгенің білдірген. Осының барлығын біздің киіз үйге келген қонақтарға айтып, көрсетіп тұрдық.
Киіз үй қасындағы сахнада Ходжа Насреддин және Алдар Көсе жүргізген концерттік бағдарлама жүріп жатты. Сахнада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнерлерін көрсетті.
- Наурыз барлық қазақстандықтарды біріктіруші бүкілхалықтық сүйікті мереке, - деп «Шарк» тәжік-өзбек қауымының төрағасы Эргашвой Холметов айтып кетті. – Бұл бейбітшілік, жақсылық және достық мерекесі. Шығыс данышпандылығы: «Құстың күші қанатта, ал адамның күші -достықта» деп бекерге айтпаған, сондықтан осы достықты, Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың бірлігін көктем және Жаңа жылдың басталу мерекесінде көрсетіп отырмыз!
Ұқсас жаңалықтар
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
15 Сәуір, 21:38
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
18 Сәуір, 20:53
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
18 Сәуір, 10:56
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы