26 Маусым, 2017
759
ОБЛЫСТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
23 маусым күні Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аясында журналистика саласындағы облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауын қорытындылау іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ұлт жоспары Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын іске асыру, этножурналистиканың, мәдениетаралық диалогтың дамуына, ұлттық бірлік пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға өнімді үлес қосқан журналистерді алғыс хаттармен марапаттау болып табылады.
Аталған байқау шарттары ағымдағы жылдың мамыр айында жарияланып, бастау алған еді. Оған жергілікті БАҚ-тан 27 журналист өз жұмыстарын ұсынды. Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы Қазақстан халқы бірлігі күні, Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайту, облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің қызметі, ұлтаралық қарым-қатынастарды дамыту және сақтау мәселелері тақырыптарын қозғаған.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы өз сөзінде журналистерді құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Байқауға қатысушылардың ең үздіктері анықталып, олар «Ең үздік мақала», «Ең үздік хабар», «Ең үздік бағдарлама», «Ең үздік блогер материалы», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік фото» авторы деген номинациялар бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, оларға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ атынан қаржылай сертификаттар және алғыс хаттар табысталды. Іс-шараға қатысушылардың құрметіне этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті