03 Маусым, 2015
1592
Қолөнер бұйымдарының көрмесі
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі мен «Салават» башқұрт этномәдени бірлестігі Каспий жағасында балалардың өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізді. Шараға 12-13 жас аралығындағы балалар, Ақтау қаласының тұрғындары, этномәдени бірлестік басшылары, Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері қатысты.

Бағдарлама барысында асфальтта сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Оған шараны тамашалауға келген 50-ден аса бала қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік суреттерге сыйлық беріліп, барлық балғындарға тәттілер үлестірілді.
Қолөнер бұйымдарының көрмесіне София Бегова, Екатерина Евдокименко, Вера Олейникова, Амина Аскар, Аружан Джамалова, Мадина Иргалиева, Алина Алиева, Эвелина Азнабаева, Евгения Коноваленко, Светлана Пасечнюк, Диана Свамбаева, Аружан Дияр, Дания Дияр қатысты. «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова мен ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина көрменің белсенді қатысушыларына алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, шара аясында келушілерге «Ұлт жоспары - Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар (буклеттер) таратылды. (aktau_dostyk.kz)
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
Көкшетау: Арнайы көрме-экспозицияда қазақ халқының мол қолөнер үлгілері таныстырылды
-
Қызылордада неміс этносының мәдени күні аталып өтті
-
Қызылордада славян фестивалі өтті
-
Өскеменде қолөнершілердің шебер туындылары ұсынылған көрме өтті
-
Шымкентте Өзбек этносының мәдениеті мен тілі күні өтті