
23 Қыркүйек, 2019
1791
Шымкентте Өзбек этносының мәдениеті мен тілі күні өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы ұйытқы болған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.
Мерекелік шараға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің барлық аймақтарынан қонақтар қатысты.
Көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев және екі елдің зиялы қауым өкілдері елдің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына кеңінен тоқталды.
«Елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерін көк тудың астына жинап, ел тыныштығын, береке-бірлігін сақтадық. Бұл жетістікке қазақ халқының кең ықылас-пейілінің, бауырмал достығының арқасында және ел басқарған азаматтардың сарабдал саясатының нәтижесінде қол жеткіздік. Осы бағытымыздан таймай, бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істесек, талай асуларды бағындырарымыз сөзсіз», - деді жиында сөз сөйлеген қоғам қайраткері Розақұл Халмурадов.
Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына толық жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, мұндағы игі бастамалар жалпы түркі әлеміне үлгі, бірлігі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.
Айта кету керек, миллионнан астам тұрғынның ортақ шаңырағы болған Шымкент қаласы жұртшылығының 17 пайыздан астамын өзбек этносының өкілдері құрайды.
Өңірде өзбек этномәдени бірлестігі 1989 жылы құрылып, отыз жылға жуық уақыт бойы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсене араласты. Былтыр осы этномәдени бірлестік қалалық мәртебесін алып, осындағы 178 мың өзбек этносы өкілдерінің қазақстандық қоғамның ортақ құндылықтарын қастерлеуіне ұйытқы болып отыр. Бірлестік жанындағы ақсақалдар алқасы, жастар қанаты, «Бахор», «Феруз» шығармашылық ұжымдары Шымкенттің дара дәстүрін жалғап, қоғамдық-мәдени тұрмысын байытып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
-
Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ
-
Қостанай: Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференцияда ғалымның жаңа қырлары ашылды
22 Қаңтар, 20:45
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
18 Қаңтар, 11:17
Қызылордада кибербуллинг бойынша мазмұнды кездесу ұйымдастырылды
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
18 Қаңтар, 11:39
Ақтөбеде «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – бірлік» атты қоғмадық-мәдени іс-шарасы өтті
19 Қаңтар, 10:38
Өскеменде ҚХА меценаттар клубының мүшелері марапатталды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
-
Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ
-
Қостанай: Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференцияда ғалымның жаңа қырлары ашылды