30 Қыркүйек, 2016
1551
Олимпиадашылар жастармен кездесті
28 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» және «Жас Отан» жастар ұйымы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сімен бірлесіп, Рио олимпиадашыларын жастармен кездесуге Ақтау қаласындағы «Достық үйіне» арнайы шақырды. Бұл Ақтау жастарына Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасуға үлкен мүмкіндік болды. Сондай-ақ, кездесуге Рио олимпиадасына қатысқан боксшы Берік Әбдірахманов та шақырылды. Бұл екі боксшы - Ақтау қаласының мақтаныштары, көптеген жастарға үлгі болған азаматтар. Олимпиада ойындарында оларға жанкүйер болып, қолдау көрсеткен Маңғыстау жастары көп. Сондықтан, жастар Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановқа ерекше құрметтерін білдіріп, елдің атын шығарғандары үшін алғыстарын айтты.
Кездесуге 150-ге жуық жастар жиналды. Көбі - «Жас Отан», «Жас қанат» ұйымдарының белсенділері мен мектеп оқушылары. Олар Рио олимпиадашыларына сұрақтарын қойып, қызықты әңгіме-сұхбат құрды. Біреуін спортшылардың карьерасы қызықтырса, біреуі жеке өміріне байланысты сұрақтарын жаудырды. Спортшылар жастар сауалдарына қуана жауап берді. Олимпиада ойындары кезіңдегі қызықты оқиғаларын еске алып, керемет әсерлерімен де бөлісті.
Жиын соңында, қос боксшы өздеріне жанкүйер болған барша жұртқа алғыстарын жеткізді. Оларға «Жас Қанат» пен «Жас Отан» ұйымдарының атынан жылы лебіздер айтылып, естелікке сыйлықтар табыс етілді. Ел мақтаныштары жастармен естелікке суретке түсіп, соңынан кішігірім флэшмобқа да қатысты. Флэшмоб ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА ҒСК өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті