14 Қыркүйек, 2021
500
Онлайн алаңда Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің кездесуі өтті
Онлайн алаңда Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің кездесуі өтті.Отбасы күні қарсаңында өткен жиынды модератор “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Әйгерім Исбекова:
- Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Ал, отбасының алтын қазығы аналар екенін ескерсек, тәрбиелі, толерантты, құндылықтарымызды барынша ұрпақ бойына сіңіру тікелей аналарға байланысты. Осы мереке қарсаңында баршаңызға денсаулық пен сарқылмас қуат, отбасы бақытын тілеймін, - деп ашты.
Бүгінде облыстық, қалалық және аудандық Аналар кеңестері қоғамда өздеріне лайықты орынға ие болды. Аналар кеңестері облыс көлемінде өткен барлық іс-шараларға белсенді араласып, тиімді әрі нәтижелі жұмыстар атқарады. Биылғы жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдағанда Аналар кеңестерінің жұмысына баса назар аударуды тапсырған еді. Отырыстың күн тәртібінде облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жаңа төрайымын таныстыру, Жезқазған қалалық және Қарқаралы ауданы кеңестерінің жұмысы бойынша есебін тыңдау, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері болды және ардақты ұстаз, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері К.Төлеуханқызының тәрбие тренингіне жалғасты. Кеңеске төрайым болуға белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана Қожахметова Ләззат Таймырқызы лайық деп шешілді. Ләззат Таймырқызы қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп, мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттап, көпбалалы аналардың мүддесін қорғап, мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыста жүрген азаматша. Өз кезегінде жаңа төрайым алдағы жаңа форматтағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.Сондай ақ, бұл күні облыстық ҚХА атынан көпбалалы Нұрбақыт отбасына сый-сияпат жасалды және көпбалалы отбасыларға арналып Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады