Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Мамыр, 2020

748

Орал мен Нұр-Сұлтанның медиаторлары онлайн түрде консультациялық көмек берді

Батыс-Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Татуласу орталығының медиаторлары және психологы Орал қаласының № 2 сотының судьялары, БҚО заң консультанттар палатасының төрағасының қатысуымен онлайн-конференция өткізді.

Олар карантин режиміндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, аймақта медиацияны қолдану саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар жасады.


Біздің елімізде онлайн медиация аса дамыған жоқ. Бұл Батыспен салыстырғанда медиацияның классикалық нұсқаларының елде әзірше жеткіліксіз сұранысқа ие екенін көрсетеді. Осылайша, қақтығыстарды онлайн реттеудің кәсіби деңгейіне жету үшін жүйе техникалық жағынан да, заңнама жағынан да барынша пысықталуы тиіс. Бұл біздің елімізде классикалық медиация ең танымал болған кезде ғана мүмкін болады. Сол кезде онлайн медиация жүйесін пысықтауға арналған шығындар ұтымды және толық ақталатын болады, деп есептейді мамандар.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Виртуалды қабылдау» жұмысы да онлайн режимде өтті.

46 азамат медиатор-мамандар, судьялар, заңгерлер, дәрігерлер, психологтар мен елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстваның арнайы мониторингтік тобының мүшелерінен түрлі мәселелер бойынша консультациялық көмек алды.
Сұрақтар отбасылық-тұрмыстық және азаматтық қарым-қатынастар, сондай-ақ Қазақстанда қабылданатын Денсаулық кодексіне қызығушылық пен карантин жағдайында медициналық қызмет алу сипатында болды. Қоңыраулар тек Нұр-Сұлтан қаласынан емес, Қазақстанның басқа да аймақтарынан келіп түсті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының виртуалды қабылдау бөлмесінің» жұмысына жоғары деңгейдегі мамандардың қатысуы азаматтарға білікті кеңес алуға мүмкіндік берді. Азаматтардан болашақта тұрақты негізде консультациялар ұйымдастыруға ұсыныстар түсті.
Виртуалды қабылдаулар - қызықты мәселе туралы ақпаратты тез тыңдаудың жедел тәсілі, бірнеше пікір мен түрлі көзқарастарды тыңдау, бірден бірнеше мамандармен танысу мүмкіндігі.

Кейін қарай