
18 Қыркүйек, 2019
3880
Оралда қазақтың салт-дәстүріне арналған мереке өтті
Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған мереке өтті.
Қала күні қарсаңында ашылған «Ақжайық» этноауылы мәдени кешенінде қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің күшімен қойылымдар қойылып, жиналған жұртшылыққа қазақ халқының құда түсу, сырға салу, беташар, шілдехана, тұсаукесер сияқты салт-дәстүрлері таныстырылды.
«Өрнекті өнер» алаңқайындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберханасы мен қолөнершілердің бұйымдары қойылған жәрмеңке маңында сауда қызып, көшпелі кітапхана оқырмандарына тағылымды шара тарту етілді.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған «Жәдігер» жылжымалы мұражай-экспозициясын тамашалады. Қазақ халқының киім-кешегі мен қару-жарақтары, тұрмыстық заттары, Жәңгір хан мен Фатима ханымның Ресей императорларының қабылдауына киген киімдері, Бөкейлікте билік жүргізген хандардың мөрлері, құжаттық деректерден тұратын экспонаттар туралы облыстық мұражайдың директоры Мирболат Ерсаев кеңінен әңгімелеп берді.
Мұражай төрінен орын тепкен жәдігерлердің құндылығына басты назар аударған өңір басшысы Ғали Есқалиев «Тақсай ханшайымы өңіріміздің брендіне айналуы тиіс, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігін» айтты.
Сонымен қатар облыс әкімі Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылынан ұлттық мереке аясындағы көрмеге екі тазы итін арнайылап ала келген Ерлан Ермеғалимен тілдесіп, ұмытылып бара жатқан тазы тұқымын сақтау жолындағы жанашырлығына ризашылығын білдірді.
Ерлан Балқашұлы тазы асыраумен 2014 жылдан бастап айналысып келеді. Бүгінде иелігіндегі қазақы иттің саны алтауға жеткен.
«Соңғы кездері аламан бәйге, ұлттық мерекелер аясында тазы жарысы көптеп өткізіле бастағаны көңіл қуантады. Жігіттің жеті қазынасы қатарында аты аталған құмай тазының тұқымын сақтауымыз керек», – дейді ұлтжанды азамат.
«Алтын сақа» алаңында ұлттық ойындар ойнатылып, қазақы асханада мерекелік дастарқан әзірленді. Сонымен қатар алаңқайда қазақы киіз үй құрудан шеберлік сағаты өткізіліп, өңір басшысы Ғали Есқалиев бастап, ел ағалары ақ шаңқан үйдің шаңырағын көтеріп, уығын қадады.
БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ихсанованың мәлімдеуінше, «Дәстүр» ұлттық мерекесін өзге ұлт өкілдеріне қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу, тарихын таныту мақсатында «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігі ұйымдастырған.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті