Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Тамыз, 2016

1037

Оралда «Иван Купала» мерекесі тойланды

Мәдениет және демалыс саябағында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Грамада»  белорус этномәдени орталығының   ұйымдастыруымен «Иван Купала» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекеге  Орал қаласының әкімі  - Нариман Төреғалиев, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және  отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының  орынбасары -  Елена Тарасенко,  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары  - Ғайса Қапақов, «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы  - Вячеслав Беляев және басқа да этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Бұндай мерекелік іс-шаралар  «Этностар күндері»  аясында  Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен екінші жыл өткізілсе, Иван Купала мерекесі бірінші рет тойлануда. Мерекеде этномәдени бірлестіктер  өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен  тұрғындарды жақынырақ таныстырды. Мерекеде сөз алған Орал қаласының әкімі: «Мерекенің мақсаты – барлығымызға ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасында   ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты  нығайту. Осында тұратын  әр ұлттың мәдениетін,  дәстүрін жұртшылыққа насихаттауда Ассамблеяның үлесі зор. Әрқашанда осылай бірлескен іс-шаралар өткізіп, аспанымыз ашық, еліміздің болашағы жарқын болсын», - деді.

«Иван Купала» Шығыс және Батыс славяндарының  мерекесі  деп саналады.  Бұл мерекені ескі  дәстүр бойынша барлық Еуропа елдері  мен Ресейде   атап өтеді.  Бұл жазғы түн  сиқырлы қасиеттерге толы,  ең «қуатты» түн болып саналады. От, су және шөп осы түннің басты күштері болып  саналады. Мереке  салт-дәстүрлік  ойындармен, той көріністерімен  өткізілді.

Су перісі, жалмауыз кемпір, қыздардың қараңғы түсе суға бастарындағы гүл шоқтарын жіберіп өздерінің болашақ жарларының қай жақтан болады деп болжауы, оттан секіру сияқты ойын сауықтар  өте әсерлі шығып, қонақтарға ұнады.

БҚО «Қоғамдық келісім»  әкімі аппаратының  КММ - нің баспасөз - қызметі

Кейін қарай