17 Қараша, 2015
1183
Оралда ҚХА жылына арналған этностар күні аясында белорус мәдениеті күні мерекеленді
Облыстық жастар шығармашылығы орталығында «Дажынкі» егінжай мерекесі мен белорус мәдениетінің күні аталып өтілді.
Облыстық жастар шығармашылығы орталығында «Дажынкі» егінжай мерекесі мен белорус мәдениетінің күні аталып өтілді.
Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы қатысты.
Қонақтарды «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің фольклорлық тобы әсем әндерімен қарсы алды. Сондай-ақ, іс-шара аясында декоративті-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. «Грамада» белорус этномәден орталығының төрағасы Михаил Беляевтің өз сөзінде: «Беларусь елінде «Дажынкі» мерекесі егін орағы аяқталғаннан кейін тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да жаппай тойланады. Жиын-терінде үздік шыққан ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп, ол халық серуеніне ұласады. Халықтық мейрамда ешкім аянып қалмай, концертте өз өнерлерін көрсетеді. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 3 мыңдай белорус болса, соның 900-дейі Орал қаласында тұрады. Олардың бәрі де қазақ халқымен, өзге ұлт өкілдерімен бірге ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде», - деді.
Жиналғандарды Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов құттықтап, «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарын табыс етті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында қолға алынған шараның бірі - этностар мерекесі. Оны тек сол этнос қана емес, басқа ұлт өкілдері де бірге атап өтуде. Бұл Қазақстан халқының «Мәңгілік елге» бет алғандығын айғағы. Береке-бірлігіміз бекем болып, ырыс-ынтымағымыз молая берсін»,- деді Ғ.Қапақов өзінің құттықтау сөзінде.
Іс-шара этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен өз мәресіне жетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50