
31 Тамыз, 2016
956
Оралда облыстық аналар кеңесінің форумы өтті
Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, ананың балаға деген махаббаты шексіз, оған мейірімділік пен нәзіктік тән. Ұлттық салт-дәстүрді сақтап, ұрпағын тәрбиелеп, өз ошағын қорғайтын да - ана.
Еліміздің барлық өңірлерінде облыстық ассамблеялар жанынан аналар кеңесі құрылғаны мәлім. БҚО-да аналар кеңесі 2013 жылдан бері жұмыс жасап, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Қазіргі таңда өңірде «Алтын алқа», «Күміс алқа», сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы», «Батыр ана» ордендерімен марапатталған 8 мыңнан астам көп балалы аналар тұрады. Соңғы кезде атқарушы және өкілді органдарда басшылық қызмет атқаратын әйелдер саны өсті. Барлығы 114 басшы-әйел болса, соның біреуі – Мәжіліс депутаты, енді біреуі – облыс әкімінің орынбасары, бесеуі – аудан әкімінің орынбасарлары, 15-і – ауылдық округ әкімдері, 36-сы – облыстық басқарма, аудандық және қалалық бөлімдер басшылары, 56-сы – облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары.
Биыл еліміз тәуелсіздіктің 25 жылдығын кеңінен атап өтеді. Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа барар жол» атты Жолдауында атап өткеніндей, тұрақтылық пен келісім дегеніміз – отбасындағы бақ-береке, тыныштық, ал бейбітшілікті сақтауда әке мен ананың рөлі ерекше. Отбасының қоғамдағы орны айрықша екендігін атап өткен өңір басшысы осыған орай Рио-де-Жанейро олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионованы тәрбиелеп өсірген анасы Наталья Михайловна мен әкесі, жеке бапкері Алексей Станиславовичке ризашылығын білдірді.
БҚО ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина аналар кеңесі туралы сөз сөйлеп, өңірдегі көп бала тәрбиелеп, іскерлікпен айналысып жүрген құрметті аналарды атап өтті. Облыстық мәслихаттың депутаты Ляна Турсынова саясатқа әйелдердің араласуы туралы айтып, Алтай Сейдірұлына аудан, ауылдық округтерде әйелдерді әкімдікке тағайындау, сайлау керектігі туралы ұсыныс айтты. Ляна Алексеевна әлеуметтік саланың мәселелерін әйел ғана терең түсіне алатынын алға тартты.
- Әлі де тәрбиеміз ақсап жатқанын, тастанды балалардың көп екенін «Ана үйі – Дом мамы» қоғамдық қорының БҚО бойынша реттеушісі Надия Лисицына айтты.
- Біздер екі жобаны бірдей алып келеміз, олар – «Ана үйі» және «Асырап алушыларға көмек беру орталығы». Біз аяғын шалыс басқан жас анаға баланы тастамай, біздің «Ана үйінде» тұрып ойлануына, сол уақытта біздің қордың психолог мамандары жас қыздың ата анасымен, тастап кеткен жігітпен жұмыс жүргізіп, соның арқасында 2,5 жыл ішінде 75 бала жетім балалар үйіне түспей отбасына қайтарылды. Ал Қазақстан бойынша – 1670 бала.
Форумға қатысқан аналардың айтуы бойынша, әйел заты қандай істі болмасын соңына дейін жеткізіп, өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, ертеңгі ел басқарар азаматтарды тәрбиелеу жүктелгенін айтты. Сондықтан келеңсіз әңгімеге жол бермей, ұдайы жақсы тәрбие нәтижесі туралы өнегелі әңгімелер айтуға шақырды.
Форум соңында, қорытынды құжат - Орал өңірі әйелдерінің қарары қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті