12 Қазан, 2015
933
Оралда «Парыз» пікірталас клубының отырысы өтті
Орал қаласының Салтанат сарайында «Парыз» пікірталас клубының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел - асыл мұратым» деген тақырыпта батысқазақстандық зиялыларының кездесуі өтті.

Қоғам қайраткері, саясаттанушы, клуб жетекшісінің орынбасары Дос Көшім кездесуді ашып, үкіметіміздің тапсырысы бойынша ұлт зиялыларынан құралған «Парыз» пікірталас клубының жұмысына тоқталды.
Аталмыш клубтың мақсаты - ұлт зиялыларын саяси-идеологиялық мәселелерге тарту, олардың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Мәңгілік елге» қатысты пікірлерін білу, соның нәтижесінде жақсы үкіметке ұсыныстар беріп, бастамаларға жол ашу.
«Парыз» пікірталас клубы осыған дейін бірнеше облыста кездесулерін өткізіп, түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Осы кездесу барысында біртектілік мәселесі талқыға салынып, «қазақ халқының бір болуының негізі неде?», «біртектілік керек пе?» деген сауалдарға жауап ізделді. Жиында сондай-ақ, философ, публицист, клуб отырысының хатшысы Әбдірәшид Бәкірұлы қазіргі таңда идеологиялық мәселелердің бұрынғыдан да өткірлене түскенін, сол себепті оларды бірігіп шешудің маңыздылығын атап көрсетті.
Ақындар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері: Ақұштап Бақтыгереева, Айсұлу Қадырбаева, Ғайсағали Сейтақ, ғалымдар Олег Юров, Абат Қыдыршаев, Жаңабек Жақсығалиев, Владимир Салов және т.б. елдің бірлігі мен болашағын нықтау үшін алдымен оның идеологиясына баса назар аудару, қазақ халқының мүддесі үшін бірігу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38