
11 Шілде, 2016
713
Оралда сабантой тойланды
Қалалық мәдени демалыс саябағында өткен дәстүрлі мерекені тамашалауға жұртшылық көп жиналды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген шараға өңірдегі барша этно-мәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты.
«Сабантой» сөзі татар тілінде «жер өңдеу тойы» деген ұғымды білдіреді. Мерейлі мерекенің тарихы тым тереңде. Нәпақасын еңбектен тапқан татар халқы көктемгі егіс науқанын осылай ойын-сауыққа ұластырған. Яғни, сабантойды тойлаудың астарында егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын деген халықтың ақ тілегі мен арман-мұраты жатыр.
Іс-шараны қызықтаушылар мереке туралы өз ойларымен бөлісті.
Рафаель Ғалиуллин, Орал қаласының тұрғыны: Бұл - татар халқының өте жақсы көретін мейрамдарының бірі. Тек татарлар ғана емес,басқа да Азия халықтары бұл күнді атап өтеді. Бұл - жазғы егіс жұмыстары біткеннен кейін халықтың демалып, көңіл ашып, бірін-бірі құрметтеп, қонаққа шақырып өткізілетін мейрамның бірі. Оған үлкендер де, кішілер де белсене қатысады.
Рафхат Халелов, Орал қаласының тұрғыны: - Көктемде жер жыртылып, егін егілгеннен кейін жеміс, өнім мол болсын деп Сабантой жасалады. Негізі ол жылына екі рет аталып өтіледі. Одан кейін мына егін орылып, мол өнім алғаннан кейін молшылық болсын деген мақсатпен екі рет аталады. Бұл мейрам кешегі кеңестік кезеңде ескерусіз қалғаны рас. Еліміз егемендігін алған соң ғана туысқан халық өз құндылығымен қайта қауышты.
Сабантой мерекесі қазір ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жауһарларының қатарында. Батыс Қазақстан облысындағы татарлардың саны 8 мыңдай. Өзге ұлт пен ұлыс өкілдері секілді олар да еліміздің ертеңі үшін қызмет етіп, тату-тәтті тұрмыс кешіп отыр.
Марат Тоғжанов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары: Біріншіден, ол тек еңбекке ғана қатысты емес, ол - адамдарды біріктіретін іс-шара. Бұл өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақтың бастарын қосып, еңбекке баулиды. Елде достықтың барлығы, бірліктің барлығы осы тамаша мерекеден көрінеді. Сондықтан да бұл ғасырлар бойы халықпен бірге келе жатқан, маңызын жоғалтпаған мереке.
Дәстүрге сәйкес, бұл күні түрлі салада тер төгіп жүрген еңбек адамдары марапатталды. Татар халқының ойнақы, сазды әндері әуеледі. Мың бұрала билеген өнерпаздар көпшіліктің көңілін көтерді. Білекті жігіттер қапшық лақтырудан сынға түссе, боз кілемде балуандар белдесті. Жұртшылық татарлардың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Осылайша, еңбек пен береке-бірліктің мерекесі бар сән-салтанатымен аталып өтілді.
Талғат Жұбанышев
Фото: Рафхат Халелов
Ұқсас жаңалықтар
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті