Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2021

3310

Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы және Қоғамдык келісім КММ ұйымдастыруымен Қордай ауданының Сортөбе ауылында Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы басталды.

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңын өткізудегі мақсат - қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру, қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін арттыру.

Қордай аудандық славяндар этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Станислав Насыров, «Саладин» күрділер этномәдени бірлестігінің төрағасы Ислам Асадов, «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігінің төрайымы Камила Дургалова, «Коре» корей бірлестігінің мүшесі Кирилл Ким және басқа да дүнген, орыс, әзірбайжан этностарының жастары өз ұлттық киімдерінде қазақ әндерін шырқады.

Қордай ауданының құрметті азаматы Төле Сүгірбай және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері жастардың этносаралық карым-қатынасты нығайту қосып жатқан үлестеріне риза болып, ақ баталарын берді.

Шара соңында ұлттық-мәдени көрме ұйымдастырылды.

Кейін қарай