26 Мамыр, 2024
341
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен заманауи үлгідегі жабық футбол алаңына арналған спорт нысаны ашылды.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Буларов, Қордай ауданының әкімі Б.Болатбеков, «Ордабасы» футбол командасының бас жаттықтырушысы мен аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов жергілікті тұрғындар мен балаларға салауатты болашаққа зор мүмкіндік берген осы қуанышты сәтпен құттықтады.
Марат Әзілханов бүгінгі таңда бірлік пен игіліктің, қоғамдық келісім мен қайырымдылық істерінің нышанына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан спорт нысанының ашылуына қолдау көрсеткен меценат Қ.Молдасейітовке ҚХА төсбелгісін табыс етті.
Спикер жомарттығымен жақсылық жасап жүрген Қ.Молдасейітов барлық азаматтарға үлгі болып, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Қордайда мұқтаж отбасыларға арналған бірнеше үй мен мешіт жанынан асхана салған У.Солтанбеков, сондай-ақ Сортөбе ауылына футбол алаңын сыйға тартқан Д.Щимеев сияқты басқа да меценат-кәсіпкерлер ҚХА төсбелгісімен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің айтуынша, кәсіпкерлердің барлық қайырымдылық қызметі «Асар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Салтанатты іс-шара соңында ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары Л.Буларов осы бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін тілге тиек етті.
Іс-шара барысында жас футболшылар «Ордабасы» командасы ойыншыларының қолтаңбасы қойылған доптарды сыйға алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті