Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Мамыр, 2024

135

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен заманауи үлгідегі жабық футбол алаңына арналған спорт нысаны ашылды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –  ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Буларов, Қордай ауданының әкімі Б.Болатбеков, «Ордабасы» футбол командасының бас жаттықтырушысы мен аудан тұрғындары қатысты. 


Салтанатты шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –  ҚР ПӘ  ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов жергілікті тұрғындар мен балаларға салауатты болашаққа зор мүмкіндік берген осы қуанышты сәтпен құттықтады. 

Марат Әзілханов бүгінгі таңда бірлік пен игіліктің, қоғамдық келісім мен қайырымдылық істерінің нышанына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан спорт нысанының ашылуына қолдау көрсеткен меценат Қ.Молдасейітовке ҚХА  төсбелгісін табыс етті.


Спикер жомарттығымен жақсылық жасап жүрген Қ.Молдасейітов барлық азаматтарға үлгі болып, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келе жатқанын  ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Қордайда мұқтаж отбасыларға арналған бірнеше үй мен мешіт жанынан асхана салған У.Солтанбеков, сондай-ақ Сортөбе ауылына футбол алаңын сыйға тартқан Д.Щимеев сияқты басқа да меценат-кәсіпкерлер ҚХА төсбелгісімен марапатталды. 


Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің айтуынша, кәсіпкерлердің барлық қайырымдылық қызметі «Асар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Салтанатты іс-шара соңында ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары Л.Буларов осы бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін тілге тиек етті.

Іс-шара барысында жас футболшылар «Ордабасы» командасы ойыншыларының қолтаңбасы қойылған доптарды сыйға алды.


Кейін қарай