13 Қыркүйек, 2021
484
Қордайда «Достық негізі - бірлікте» атты этнофестиваль өтті
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында түрлі этностар арасында достық, ынтымақтастық, бірлікті нығайту, насихаттау мақсатында Жамбыл облысы Қордай аудандық Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ филиалының және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Достық негізі - бірлікте» атты концерттік бағдарлама мен көрмеден тұратын этнофестиваль өтті.

Мәдениет үйінің фойесінде өткізілген көрмеде әр этностың ұлттық тағамдары мен қолөнері жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шарада әрбір ұлттың халықтық музыка аспаптары мен ұлттық нышандағы ән-әуендері аудан тұғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
этнофестивальде, «Коре» этномәдени бірлестігінің өкілі Ким Тимур, Татьяна Савченко, Людмила Калашникова мен Марина Гончарова өз өнерлерін ортаға салды. Света және Полина Шевченколар Абайдың күйі «Торжорғаны», ал Алина Айтиева Бақтыбайдың композициясы «Әуенді» әсерлі сезіммен орындап берді.

Кеш соңы концерттік бағдарламаның барлық шығармашылық тобы – қатысушыларының орындауында композитор Ескендір Хасанғалиевтің достық пен бірліктің символына айналған «Атамекен» әнімен аяқталды.
Ауданның мәдени-рухани өміріне белсене араласып, этнофестивальда өнер көрсеткен барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті