
08 Қараша, 2022
515
Орталық Азия елдері VIII халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті
Алматыда белгілі жазушы-драматург Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған Орталық Азия елдерінің VIII Халықаралық театр фестивалі аяқталды.
Фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп, ашылу салтанатында ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың арнайы жолдаған құттықтауы оқылды.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, белгілі театр және кино актері, «Отан» орденінің иегері Асанәлі Әшімов, мәдениет және өнер қайраткерлері, шетелдік театр труппалары, Алматы тұрғындары мен қонақтары және т. б. қатысты.
Іс-шара барысында фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, дипломдар мен арнайы естелік сыйлықтар табысталды.
Халықаралық іс-шараның құрметті қонақтары мен қатысушылары бұл фестиваль серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруға, ең бастысы, Орталық Азия ұжымдары үшін бірыңғай театр кеңістігін құруға ықпал еткенін айтты. Олардың айтуынша бұл іс-шара бірлескен шығармашылық қызметті жүзеге асыру және көркемдік көкжиектерді кеңейту үшін өңір елдерінің дарынды жастарына елеулі қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бірлескен шығармашылық жобаларды құру заманауи театр өнеріне назар аударатыны сөзсіз.
Жиын соңында жеңімпаздардың құрметіне арналған концерттік бағдарлама өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті