Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Ақпан, 2016

1826

Қостанай қаласындағы «Таңғы жаттығу»

5 ақпан күні сағат 11-де Қостанай қаласының №2 орта мектеп-лицейінің акт залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Таңғы жаттығу» флешмоб-акциясына бітіруші сыныптардың 50 оқушысы қатысты. 

Таңғы жаттығу алдында сөз сөйлеген «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Қ.Қожахметов  және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Н.Б.Ермағанбетов: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Таңғы жаттығу» жастар флешмоб-акциясы «Ұлт денсаулығы – спорттық Қазақстан» ұранымен барлық аймақтарда, аудандар мен қалаларда өткізілуде және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Ел болашағы сендерсіндер, жақында мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басасыңдар. Алға қойған мақсаттарға жету үшін сіздер салауатты өмір сүріп, Отанымыз Қазақстан Республикасының патриоты болуларыңыз қажет», - деп атап көрсетті. 

Осыдан кейін «Зумба» фитнес залының басшысы И. Шинның басқаруымен оқушылар әуенге ілесіп, таңғы жаттығу жасады.

   

 

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай