
05 Ақпан, 2020
1918
Қостанай: Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференцияда ғалымның жаңа қырлары ашылды
Қостанайда атақты философ, ғұлама ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференция ұйымдастырылды.
Smart-орталықта өткен конференцияда философия және тарих профессорлары, шығыстанушылар, дінтанушылар және мәдениеттанушылар баяндама оқып, студенттердің білімін толықтырды.
«Біртуар тұлға – Әл-Фарабидің еңбектері өміршең, қай заманда да өзекті. Жаңа технологиялардың арқасында конференция онлайн режимінде өтті, ғасырлар бойы жинақталған даналық пен заманауи технологиялар бір арнаға тоғысты. Біз Әл-Фарабидің жаңа қырларын таныдық. Ғалымның еңбектері әлі талай зерттеуді қажет етеді», - дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов.
«Әл-Фарабиді ұлы философ Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп бекер атамайды, оның мұрасы - сарқылмайтын қайнар бұлақ. Оның Музыка туралы кітабының мазмұны терең, ол тамаша музыкант болған және музыкалық аспаптар жасаған. Ол өз ғұмырында 170-тен астам еңбек жазып қалдырған. Өкінішке орай, олардың санаулысы ғана қазақ және орыс тілдеріне аударылған», - дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы Қалимаш Бегалинова.
«Конференция қорытындысы бойынша студенттер Әл-Фарабидің даналық ой-пікірлерімен бөлісу мақсатында «мудрый челлендж» өткізуді ұсынды. Челленджге Әл-Фарабидің даналық сөздерін білетін кез келген адам қатыса алады. Ол үшін бейнежазба түсіріп, #мудрыйчеллендж хэш-тэгін қойып, Достық Үйінің @assambly_kst аккаунтын белгілеп, эстафетаны келесі адамға тапсыруы тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
-
Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ
-
ШҚО: Өскеменде аймақтың жастар саясаты талқыланды
18 Қаңтар, 11:17
Қызылордада кибербуллинг бойынша мазмұнды кездесу ұйымдастырылды
19 Қаңтар, 10:38
Өскеменде ҚХА меценаттар клубының мүшелері марапатталды
18 Қаңтар, 11:39
Ақтөбеде «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – бірлік» атты қоғмадық-мәдени іс-шарасы өтті
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
21 Қаңтар, 10:37
Қызылордада Президент мақаласын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
-
Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ
-
ШҚО: Өскеменде аймақтың жастар саясаты талқыланды