13 Наурыз, 2020
940
Қостанай: Мектептерде ҚХА-ның 25 жылдығына арналған ақпараттық сағаттар ұйымдастырылды
Ғылыми-сараптамалық топтың, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің өкілдері қала мектептеріне барып, оқушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясымен таныстыру мақсатында ақпараттық сағаттар өткізуде. Іс-шара достықтың қара шаңырағына айналған Ассамблеяның 25 жылдығына арналған.
«Біздің басты мақсатымыз – оқушыларды Ассамблеяның құрылу тарихымен, міндетімен таныстыру. Спикерлер белгілі бір тақырып таңдап, дәріс оқыды. Мәселен, ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов этномәдени бірлестіктер туралы мәлімет келтіріп, олардың болмысы бейнеленген, қызметі белгіленген сайтты көрсетті. Сонымен қатар ұлтаралық келісімнің маңыздылығын жеткізді», - дейді «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Дарья Тимина.
Ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Дмитрий Легкий Қостанай қалалық № 19 орта мектептің оқушыларына Қазақстанда тұрып жатқан этностарға ортақ тарихтан сыр шертіп, тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандықтардың бірлігін сақтау қажет болып, Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру жөніндегі шешім қабылдағанын жеткізді.
Іс-шараға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, ҚХА Кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жанындағы ҚХА кафедрасының профессоры Валерий Вишниченко, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Ольга Евдокимова, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әдіскер-оқытушысы Данияр Әбенов және тағы басқа лекторлар қатысып, мазмұнды дәрістерін оқыды.
«20 мектептің жоғары сынып оқушылары үшін ақпараттық сағаттар ұйымдастырылды. Әрбір дәрістен кейін Еріктілер қозғалысы орталығының («Білім» бағыты бойынша) белсенділері Анель Пимичеваның басшылығымен оқушыларға сан түрлі ойындар ойнатып, ұйымшылдыққа баулитын тренингтер өткізді, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы сұрақтарды қамтитын зияткерлік турнирлер ұйымдастырды», - деді Дарья Тимина.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Абай облысында Наурызнаманың онкүндігі басталды
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті