26 Маусым, 2020
879
Қостанай: Онлайн форматта өткен Сабантой
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығымен жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды мереке биыл онлайн форматта өтті.
Бірлестік төрағасы Ринад Бектемиров сабантойдың егін бітік шықсын деген ниетпен аталып өтетін мереке екенін айтты.
«Биылғы Сабантой мерекесі Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығының 25 жылдығына арналған. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық іс-шаралар онлайн форматта өтуде. Концертке қатысушы әртістер мен шығармашылық ұжымдар бар өнерлерін ортаға салып, қостанайлықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтындығына сенімдімін», - деді Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сандыбаева.
Қауымдастық белсендісі Радик Вильдянов, «Ляйсан» ансамблі, Диана Кичкайло, Анель Пимичева, Мадина Габдулина сынды өнерпаздар көрермендерге әсерлі де әсем әндерін тарту етті.
«Ритм» хореографиялық ұжымының, «Зарянка» ансамблінің құрамындағы кішкентай бишілердің, «Надежда» халықтық би ансамблі мен Қостанай ауданынан келген «Эрфольг» ұжымының билері іс-шараның көркін қыздырды. Көпшілік жас сырнайшы Талғат Латыповтың өнеріне куә болды
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының және Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы әртістерге шын жүректен алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейді!
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
сегодня, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті