03 Қыркүйек, 2019
1817
Қостанайда ауқымды экологиялық челлендж өтеді
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастығы аясында «Tobyl - dostyq ózeni» атты бірінші халықаралық жастар лагері өтті.
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қорған, Тобольск қалаларының (Ресей), Қостанай, Жітіқара, Лисаков, Рудный қалаларының өкілдері үшін «Белая юрта» («Ақ шаңырақ») демалыс аумағында жастар лагерін ұйымдастырды.
Іс-шараны Қостанай қаласына арнайы сапармен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нұрболат Наржанов ашты.
«Қазақстан халқы Ассамблеясымен ұйымдастырылған бұл маңызды іс-шараның міндеті - жас ұрпақты тарту арқылы жалпыұлттық бірлік пен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастығының аясындағы бұл лагерь шексіз достықтың тағы бір айғағы. Екі мемлекет рухани және географиялық тұрғыдан тығыз байланыста, өзара қолдау танытады, бірлескен жобаларды іске асырып, халық игілігі үшін қызмет жасайды», - деді Н. Наржанов.
Іс-шара аясында жастар қанатының белсенді мүшесі Абылайхан Кәкенов Тобыл өзенінің жағалауын тазарту бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастыру туралы ұсынысын жеткізді. Бұл идеяны Қостанай облысының қатысушылары ғана емес, Ресей Федерациясының өкілдері де қолдады. Эко-челлендж 21 қыркүйек күні басталмақ.
«Біздің бұл Қазақстанға алғаш рет келуіміз, барша қауым бізді жылы шыраймен қарсы алды. Біз жастар лагеріне жиі қатысамыз, ал Қостанай жеріндегі іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған», - дейді Тобольск қаласынан келген жастар.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің проректоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов жастарға дәріс оқып, Ассамблеяның қызметі туралы баяндап, толеранттылықтың маңыздылығын жеткізді, тиімді ұлтаралық қарым-қатынас құрудың негізгі ережелерін үйретті.
Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ бөлім басшысы Индира Иванова мемлекеттік тілді жетік меңгергендігінің арқасында қызмет жолында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Жастар тілдерді дамытуға қатысты мәселелерді талқылап, тіпті тілдерді меңгертуге бағытталған педагогикалық тәжірибені жақсарту жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06