Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Шілде, 2021

47

Қостанайда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы бірнеше ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

Қостанай облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Қостанай облысының жастар ресурстық орталығымен және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалымен ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы 2018 жылдың наурыз айында өңірлік және республикалық деңгейлерде сан түрлі ұлт жастарын біріктіру және өзара әрекеттестіру мақсатында құрылған болатын. Бүгінде барлық өңірлердегі «Жаңғыру жолы» РЖҚ тиімділігі айқын.

Қостанай облысында «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы үздіксіз жұмыс жасайды, құрылым белсенділері қоғамдық жұмыстармен және қайырымдылықпен айналысады.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жұмысының басым бағыттарының бірі - жастар ұйымдарын шоғырландыру.

«Бұл құжаттар өңірдегі жастар ұйымдарының қатысуымен этносаралық қатынастар саласындағы бірлік пен келісімді сақтауға бағытталған бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», - дейді Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мырзағалиев.

Құжаттарға қолтаңба қойылғаннан кейін Жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков пен «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының төрағасы Абай Жүсіпов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарымен орнатылған ынтымақтастықтың жемісті болатындығына сенім білдірді.

Кейін қарай