Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Ақпан, 2019

888505

Қостанайлық ғалымдар «дөңгелек үстел» басында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің, облыстық ҚХА Хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің, аймақтық университеттердің студенттері  қатысқан «Ұлы даланың жеті қыры» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында жеті баяндама тыңдалды: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын  талқылау, түсіндіру жұмыстары туралы», «Тарихи сананы жаңғырту: мұрағаттар қызметкерлерінің және ғалымдардың ізденіс-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік рөлі»,  «Бүгінгі таңдағы қазақ халық әндерінің жастарды тәрбиелеудегі алатын орны», «Атқа міну мәдениеті»«Ұлы дала – тарихтың үздіксіз ағымында өз дамуын жалғастыратын бірегей өркениет»«Ұлы Даланың жеті қыры – жастарға үндеу».

Ғалымдар тарихшылар, саясаттанушылар, философтар, құқықтанушылар «Мәңгілік ел», «Қазақтану» жалпыұлттық жобаларға қатысты стратегиялық, әдіснамалық, концептуалды, әдістемелік аспектілер туралы сөз қозғаса, жас ізденушілер Ұлт көшбасшысының дүниетанымдық мақаласына өздерінің ғылыми, әлеуметтік, шығармашылық жобаларға, сонымен қатар, қоғамдық іс-шараларға, түрлі байқауларға қатысу арқылы өз ойларын жеткізді.

Тақырып аясында ұлттық мәдени код, жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет, түркі өркениеті туралы пікірлер айтылды, тарихи  тұлғалардың,  атақты жерлестеріміз - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Өмірзақ Сұлтанғазиннің ел үшін жасаған қызметтері туралы сөз қозғалды.

Кейін қарай