
19 Қаңтар, 2017
1537
Отбасылық медиация
Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процессі Орталығымен бірлесе 2017 жылдың 18 қаңтар күні Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесі» тақырыбында ақпараттық семинар өткізді.
Семинарға облыстық және қалалық соттың судьялары, облыстық ІІД–ң өкілдері, аудандық Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің басшылары мен мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Ақпараттық семинардың мақсаты- отбасылық медиацияның негізгі қағидалары мен бағыттарын және Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесін толық және жан-жақты сипаттау.
Іс-шараның модераторы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина болды. «Медиация - бұл Қазақстан халқы Ассамблея айналысатын ең маңызды істердің бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты - қоғамдық келісімді нығайту, достық пен толеранттылық идеяларын насихаттау болып табылса, медиация дегеніміз, ол қоғамдағы кейбір өзекті мәселелерді, даулар мен келіспеушіліктерді медиация мүмкіндіктерін қолдану арқылы реттеу. Осы орайда, біз қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеу жолында жоғары нәтижеге жетуіміз керек. Медиация уақытты үнемдейді, ақша, дауға қатысушылардың эмоциялық күшін және дауда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға немесе қалайда жеңуге, ұтуға емес, сындарлы шешімдерді іздеуге бағытталған»,- деді ол өз сөзінде.
Семинар барысыныда Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталағының директоры А.Куртаева «Отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесі» тақырыбында, «Медиация дамыту Орталағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры Г. Марданова «Отбасылық жанжалдарда медиацияны қолдану» тақырыбында, «Халықаралық құқық қорқау Орталығы» қоғамдық бірлестігінің Атырау бойынша өкілдігінің директоры Р.Калиева «Медиация бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинар барысында теориялық аспектілермен қатар медиаторлардың тәжірибелерінде кездесетін мысалдар қаралды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тренинг ұйымдастырылып, арнайы дайындалған бейнероликтер тамашаланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті