Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қаңтар, 2021

9739

«Парламенттің бірлескен отырысында орынды мәселелер көтерілді»

Бүгін VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы өтіп, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысының сессияда сөйлеген сөзіне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері пікір білдірді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында құрамы жаңғырған жаңа Мәжіліс депутаттарымен кездесіп, оларға заң қабылдау аясында жемісті жұмыс жасау қажет екенін айтты. Және сөзінің басында халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға басымдық беру керектігіне тоқталды.

«Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды», — деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, ол осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтар тартылатынын мәлімдеді.

Жалпы, Президент өз сөзінде бірнеше өзекті мәселелерді көтерді. Соның ішінде маған «Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз, айналасындағы елді-мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді» деген жері өтте қатты ұнады. Себебі, баршамызға мәлім, елімізде көптеген ауылдардың бүгінгі сыйқы мәз емес. Егер Президент айтқан бұл мәселе шешімін тапса, нұр үстіне нұр болатыны анық.

Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтетінін алға тартты.

«Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан, алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады», — деді. Құптарлық іс. Яғни, біз әкімді сайласақ, жергілікті билік тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатады. Демек, бұл – халықтың мәселесі дер кезінде шешіліп отырады деген сөз.

Мемлекет басшысы адам құқықтарын толық қорғау ісіне де бей-жай қарамайтынын білдірді. Соның ішінде азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды екенін айтты. Бұл – сайлауға байланысты айтылған сөз.

«Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!», — деді.

Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек деген Қ.Тоқаев Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұрғанын қадап айтты. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу.

Иә, Президент айтқандай депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн. Сонда ғана халықтың билікке деген көз қарасы өзгеріп, сенімі арта түседі деген ойдамын. Лайым солай болғай.

Рүстем Қалиев,

Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ

директорының орынбасары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, мемлекетімізде алдағы уақытта болатын заңнамалық өзгерістердің мән-маңызы жайында сөз қозғады. Президент атап өткен сот билігінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі реформалар, саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, альтернативті пікір мәселелері, омбудсмен туралы арнайы заң қабылдау, зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту туралы сұрақтардың әрбірі еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік өміріне оң өзгерістер алып келетін істер деп сенемін.

Еліміздің ертеңгі күніне өзіндік арман, биік мақсат, ақ үмітпен қарайтын жас буын өкілі ретінде, Мемлекет басшысының: «Бізде омбудсмен институты бар. Алайда ол өзінің шамасын әлі де толық көрсете алмады. Сондықтан біз алдағы уақытта омомбудсмен туралы арнайы заң қабылдауымыз керек. Мемлекеттік бақылауды күшейтіп, балалардың қауіпсіздігіне байланысты, суицидтің алдын алып, балалар арасындағы қорлауға қатысты тиімді механизм ойластыру керек», - деген сөздері қатты көңілден шықты.

Себебі, тәуелсіздікті, аға буын өкілдері бастаған мемлекеттілікті, осындай дамудың даңғыл жолын жалғастырар жас ұрпақ өзінің ертеңгі күніне сенімді болып, батыл іс-әрекет жасау үшін, мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамыған, тұрақты болу керек деп білемін. Тәуелсіздіктің 30-жылдығында алған асу, бағындырған белес аз емес. Ал бүгінгі ел қалаулыларының бірлескен отырысында талқыланған сұрақтар, заңнамалық өзгерістер тиісті деңгейде жүзеге асырылатын болса, біздің еліміз бұрынғыдан да мықты, гүлданген, бәсекеге қабілетті бола түсеріне сенемін.

Екатерина Коник,

Ақмола облыстық «Қоғамдық келісім» КММ

жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау

және дамыту орталығының мүшесі


Бүгін Президентіміз Қ.К. Тоқаев елімізде орын алған ауқымды саяси науқаннан кейінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында әлемді жаулаған пандемиядан кейінгі кезеңдегі еліміздің негізгі даму мақсаттары жайында айтып, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді көтеріп, таяу арада Парламенттің қарауына енгізілуі тиіс бірқатар маңызды заң жобаларын атады.

Атап өтетін болсам, өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріп, 3500-ден астам ауылды қайта жаңғыртып, айналасындағы елді – мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетіні көңілге медет беріп, сенім ұялатқаны анық.

Сонымен қатар ауылдық және аудандық әкімдерді халықтың сайлауына толықтай келісемін. Себебі халықтың бүгінгі ақпарттану деңгейі өте жоғары және жергілікті,аудандық бюджеттің қалыптасуы мен игерілуі тұрғындардың көз алдында, сондықтан сол ауылдың тағдырын да өздеріне беру керек деп есептеймін.

Айдар Батырханов,

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы

Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі


Мемлекет басшысы бүгінгі сөзінде сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарының қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді. Біздің де тілегіміз сол.

Қасым-Жомарт Тоқаев көздеген мақсатқа жету үшін ең алдымен, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайтуға күш салу керектігіне тоқталды. Әрине, азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес.

Мемлекет басшысы екінші басымдық ретінде күшті және инклюзивті қоғам құрудың негізгі құралы тиімді әлеуметтік саясат екенін айтып отыр. Сонымен қатар, әлем «білім экономикасына» қарай жылжып бара жатқанын атап өтті.Сондықтан, бұл ретте қайта оқыту және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет екендігін, осы мақсатта арнайы ұлттық жоба әзірлеп, іске асыру керектігін қолдаймыз.

Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмысының аса маңызды екеніне тоқталды. Бұл мәселенің, әсіресе, пандемия жағдайында анық байқалғанын бәріміз де байқап отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғыртып, мемлекет көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық беруі тиіс екенін жеткізді.

Әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі – отандық зейнетақы жүйесінің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет екендігін құптаймыз. Зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға, нақты қай мақсатта қолдануға болатынын түсінгенімізбен, бұл мәселені тереңінен қарастыру қажет деп есептеймін. Барлық қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндігі жоқ. Үндеу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын естіп оң өгерістер болатынына үмітіміз бар.

Президентіміздің негізгі ұстанымына тірек болып, Парламент – ел мүддесі үшін аянбай қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы болсын, сайланған депутаттар құрамы Мемлекет басшысының, бұқара халықтың артқан сенімін ақтап, жауапкершілікпен еңбек етсін деген тілектеміз.

Тажуби Медетова,

Ақмола облысының «Өзбек ұлттық этномәдени

орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаев жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында жаңа сайланған депутаттарды Отанымызға адал қызмет етіп, Қазақстанымызды қуатты елге айналдыруда қарқынды еңбектенуге шақырды.

Өркениеттің өзгеріске ұшыраған заманында біздердің бағдарымыздан жаңылмаумызды ескертті. Осы орайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асып, халықтың тұрмысы жақсарып , әл-ауқаты артып, нақты нәтиже болатындығына сенім мол. Сонымен қатар озық дамыған елдердің қатарына қосылу үшін біздерге дені сау және білімді ұрпақ қажет. Осы бағытта мемлекеттіміздің жастар саясаты саласында үлкен өзгерістер болады деп сенемін.

Еліміз тыныш, Жұртымыз аман болсын!

Бәтес Исмагулова,

БҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесі

төрағасының орынбасары


Бүгін Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Сайлаудың аяқталуымен құттықтай отырып, жаңа құрамдағы депутаттарға алдағы уақытта атқарылуы тиіс көптеген жұмыстарды сеніп тапсырды.

Алдымен барлығымыздың алдымыздағы ең басты міндетіміз – пандемиямен бұрынғыдан да озбырлықпен күресу керектігін айтты.

Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы өте маңызды, халықтың тағдырына әсер ететін тұжырымдама десек жаңылмаймыз. Тұжырымдаманың басты басымдылығы – халықтың мұң-зарына құлақ асып, тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, әл-ауқатының артуына күш жұмылдыру. Халық пен мемлекет арасында байланыс орнату.

Бұл тұжырымдама толық іске асатынына, басты мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылатынымызға сенімдімін.

Мұратбекова Үміткүл,

Түркістан облысы Сайрам аудандық Аналар кеңесінің төрайымы


Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысты.

Алдымен сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. Өткен шақырылымдағы халық қалаулыларына белсенді түрде қызмет атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Жалпы, бес жылда Парламент қабырғасында халық қалаулырының ықпалымен 400-ден астам заң қабылданған. Оның басым бөлігі еліміздің дамуы мен экономикалық жағдайдың тұрақталуына себеп болды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді. Ал, депутаттар өз кезегінде жүктелген міндетті абыроймен атқаруға атсалысатындықтарын жеткізді.

Біздің тұрақтылығы мен достығы бекем еліміздің өзге мемлекеттермен терезесі тең болып, бір шаңырақ астында күн кешуіміз халық қалаулыларының атқарған тірліктерінің нәтижесі деп білеміз.

Сарманбай Кочалиев,

Түркістан облыстық Ахысқа түрік этно-мәдени

орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы


Бүгін жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарының VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы өтті. Сессияның ашылуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, үндеу жасады. Сөз басында Президент өткен шақырылымның депутаттарына алғыс айтып, алда зор міндеттер күтіп тұрғанын атап өтті. Әсіресе, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық қарсаңында сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететіндеріне сенімін білдірді. Сонымен қатар Президент Қ.Тоқаев қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиіс деген өз ұстанымын келтіре отырып, мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы алдындағы маңызды міндеттерді атады:

«Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату - басты талаптың бірі. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл - сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Амангелді Шурентаев,

Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының

ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі

Жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы ауылдарға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Өзінің сөйлеген сөзінде Президент: "Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз" – деп нық айтып өтті.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуға ерекше мән беріледі. Бұл бізді қатты қуантады, өйткені ауыл – барлығымыздың туып өскен алтын бесігіміз. Қазіргі халқымыздың көп бөлігі сол ауылда тұрып жатыр. Ауылды өркендету – ұлттық экономикамыз бен мәдениетімізді жаңғыртудың тірегіне айналады.

Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы Президент алға қойған міндеттерді орындауға белсене атсалысуы тиіс деп ойлаймын.

Эркинбек Алипсатаров,

Қостанай облысы «Асаба» қырғыз ҚБ төрағасы

***

Сот жүйесi жабық коpпоpация болмаyы тиiс. Сондықтан, сот коpпyсын едәyip жаңаpтып, оған түpлi құқық салалаpының мамандаpын таpтy кеpек. Үмiткеpлеpдi ipiктеген кезде олаpдың кәсiби тәжipибесiмен қатаp, жеке қасиеттеpiн де ескеpген абзал. Бұл жұмыс бұқаpалық ақпаpат құpалдаpында ашық көpсетiлyге тиiс. Сондай-ақ, сот қызметi тypалы ақпаpат қоғам үшiн неғұpлым қолжетiмдi болғаны жөн. Құқық қоpғаy оpгандаpының жұмысын да баpынша өзгеpтy қажет. Бұл мәселе жөнiнде Жолдаyымда нақты айттым. Бiз азаматтаpмен өзаpа қаpым-қатынастың сеpвистiк моделiн енгiземiз. Қоғамдық қаyiпсiздiк жаңа цифpлық технологиялаpды қолданy аpқылы қамтамасыз етiледi. Паpламент заң үстемдiгi, адал бәсеке және жеке меншiктi қоpғаy қағидаттаpының құқықтық негiзiн нығайта түсyi кеpек. Сонда бұл қағидаттаp мүлтiксiз оpындалатын болады. Бүгiнде бipқатаp заңнамалық ұсыныстаp бойынша жұмыс iстелiп жатыp. Дегенмен, әлi де көптеген тың бастама көтеpiп, заңдаp қабылдаy қажет.

Мемлекет басшысының бастамалаpын толық қолдай отыpып, сессияда айтқан сөздеpi ел үшiн қyатты жұмылдыpyшы бастама болатынына сенiмдiмiн. Бүгiнгi паpламенттiк сессиядағы мiндеттеpiн iске асыpy Қазақстанның дамyындағы аyқымды сеpпiлiс үшiн мүмкiндiк болады деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқын Мемлекет Басшысының мiндеттеpiн оpындаy үшiн топтасyға және бipге тұpақты, гүлденген Қазақстан құpyға шақыpамын.

Абдукадир Кудайкулов,

Түркістан облысы

Жетісай аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы


Мемлекет басшысы VII шақыpылымдағы Паpламенттiң бipiншi сессиясында құpамы жаңаpған жаңа Мәжiлiс депyтаттаpымен кездесiп, олаpға заң қабылдаy аясында жемiстi жұмыс жасаy қажет екенiн айтты. Ең бастысы халықтың тұpмыс сапасын жақсаpтып, әл-аyқатын аpттыpyға басымдық беpy кеpектiгiне тоқталып өттi.

«Ел-жұpтымыз егемендiгiмiздiң төpтiншi онжылдығына қадам басаp тұста бұpын болмаған жаңа сын-қатеpлеpмен бетпе-бет келiп отыp. Бiз ғана емес, күллi дүниежүзi мүлде жаңа дәyipге бет бұpды. Өpкениеттiң дамy жолы мен әлемдiк құpылымның түп негiзi түбегейлi өзгеpiске ұшыpаyда. Алдымызда сынақтаp мен сын-қатеpлеp аз болмайды. Дегенмен, баpлығымыздың ең басты мiндетiмiз – пандемияның салдаpын еңсеpy».- дей келе Пpезидент бipнеше өзектi мәселелеpдi көтеpдi.

Маңызды қадамдаpдың бipi – елiмiздiң заңнама жүйесiн кешендi түpде жетiлдipy кеpектiгiн айтты. Соның iшiнде сапалы заңдаp қабылдаy және өзектi мәселелеpдiң шешiмiн табатын оpталыққа айналy.

Осы оpайда Мемлекет басшысы халық қалаyлылаpына деген үмiт, сенiмiн бiлдipдi.

Люба Махмурзаева,

Сырдария аудандық санэпидемиялогиялық стансасының маманы,

шешен этносының өкілі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін тыңдай отырып алдағы уақытта атқарылуы қажет болған негізгі жұмыстар мен межелерді айқындап алдық. Баяндама барысында көтерілген негізгі басымдықтар бүгінгі заманның қажеттіліктерінен туындағаны бірден байқалады. Кешегі өткен сайлау мен барлық деңгейдегі депутаттық корпустардың жасақталуы әлемдегі пандемия қауіпін ескере отырып, жаңа тәртіпте және де жыл басында жүзеге асырылып отырғаны өте маңызды. Осылайша ең басты байлық – уақыттан тиімді пайдаланудың сәті туып тур.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту тек қана той тойлаумен емес, бүгінгі таңда қоғамымыз үшін қажетті реформаларды жүзеге асырумен өткізу мәселесін мемлекет басшысы кезекті рет көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларын қамтитын жеті басымдықты толық жүзеге асыру арқылы реформалардан күтілген нәтижелерге қол жеткізе алуға болады. Басты мақсат – тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құру.

Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы депутаттық құрамдарға да жоғары жауапкершілік жүктеліп отыр. Жоғарыда айтылған реформаларды жүзеге асыру сапалы заңдар арқылы жүретінін Президент ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты деп көрсетті. Депутаттар қатарында жастардың және әйелдер қауымының тиісті мөлшерде болуы елдегі саяси жаңғыртудың дұрыс бағытта дамып отырғанын көрсетуде.

Орталықтан шалғай жатқан ауылдар өмірінде де серпіліс пайда болуы күтілуде. Төртінші басымдық ретінде көзделген «басқарылатын урбанизация» саясаты осыған сеп бола алады. Өңірді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық берілуде. Осылайшы 3500 ден астам ауыл жаңғыртылып, ауылдарға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар барлық күре жолдардың жөндеуден өтуі көңілге қуаныш ұялатты.

Сатвалдиев Алишер,

«Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы


ҚР Президенті Қ.Тоқаев Мәжілістің VII шақырылымдағы алғашқы жалпы отырысын өткізді. Жаңарған құрамның алдына жаңа межелер мен міндеттемелер қойылып, ел игілігі мен мүддесіне қызмет етуі тиіс тың реформалар қабылданып отыр. Елдің берекетті өмірі үшін әуселелі әрекеттер жасалар деп тақым қысқан сәт осы болды. Жаңарған Парламент алдына мемлекеттің дамуына қатысты сүйекті мәселелерді қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт денсаулығында назардан тыс қалдырмады. «Ұлттық денсаулық сақтауды модернизациялау ерекше маңызға ие. Пандемияда бұл мәселенің өзектілігі айқын болды. Денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағытталған, олардың мүдделеріне, денсаулығы мен өміріне басымдық беруі керек. Мұндай модельге көшу адамдардың білікті медициналық көмекке қол жетімділігін кеңейтудің сандық құралдарын енгізуді дербестендіру арқылы мүмкін болады Осыған байланысты аурулардың алдын-алу және ерте диагностикалау негізінде профилактикалық медицинаны дамыту ерекше рөл атқарады», - деді Мемлекет басшысы.
Жалпы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салаларға қатысты ауқымды жоспарлар жария етілді. Саяси реформаларды іске асыруда бірізділік сақталуы керегін алға тартты. Олардың бәрі адам құқықтарын қорғауға бағытталатынын тілге тиек етті. Осының бәрі әр қазақстандықтың келешегіне үлкен үміт үстейді.
Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу реформалары қазір өте маңызды. Бұл – еліміздің даму бағытының келесі белесі. Көзделген міндет-межені бағындыруға билік қана емес, әр азамат үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.

Музафаров Рамазан,

Жамбыл ауданы бойынша

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы


«Бiз қастеpлi Тәyелсiздiгiмiздiң 30 жылдық меpейлi межесiне қадам бастық. Сондай-ақ қазipгi заманғы Қазақстан паpламентаpизмi шиpек ғасыpлық белеске жеттi.

Осы таpихи кезеңде сенiм мандатына ие болған депyтаттаp ел үмiтiн ақтап, Отанымызға адал қызмет етедi деп сенемiн», – дедi Мемлекет басшысы. Қасым-Жомаpт Тоқаев күллi дүниежүзi мүлде жаңа дәyipге бет бұpғанын баяндап, өpкениеттiң дамy жолы мен әлемдiк құpылымның түп негiзi түбегейлi өзгеpiске ұшыpағанына назаp аyдаpды. «Алдымызда сынақтаp мен сын-қатеpлеp аз болмайды.

Дегенмен баpлығымыздың ең басты мiндетiмiз – пандемияның салдаpын еңсеpy. ХХI ғасыpдың 21 жылы баpша адамзат үшiн бетбұpыс кезеңiне айналмақ.

Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдаpын айқындайды.

Мұндай күpделi жағдайда yақыттан ұтылyға және бip сәтке де босаңсyға болмайды», – дедi Мемлекет басшысы.

Биылғы 2021 жылы аса маңызды саяси оқиғалаpмен басталды. Құpамы жаңаpған мәжiлiс депyтатаpының Пpезидент тапсыpмалаpына сәйкес заңдаpды қамтамасыз етy аpқылы елдiң жаңғыpyына үлес қосаpына сенiм бiлдipyдемiз.

Идрис Юнусов,

Жамбыл ауданы бойынша

«Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің өкілі

***

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін оқи отырып көңілімізде еліміз жаңа дәуірге, жарқын болашаққа қадам басқандай қуанышқа бөлендім.

Биылғы жылы еліміздің Тәуелсіздігіне отыз жыл толады. Негізінен Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде жаңа сайланған ел қалаулыларына алдағы уақытта атқаруға тиіс жұмыстары, халықтың жайлы өмір сүруі үшін, жастар мен зейнеткерлерге көрсетілетін қолдау турасында нақты міндеттер жүктеді. Ол Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келгенін айтты.

Сондай-ақ Президент құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп тұрғандығын да атап айтты. Оның бірі – қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам басқандығымыз болса, екіншісі қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жеткендігі болып табылады. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететіндігіне сенім білдірді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму үшін ең әуелі азаматтардың құқығы қорғалуы қажет.

Е.Солтыбаев,

Жамбыл облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында бірқатар жаңа қадамдар мен биік мақсаттарды атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа-тұс келген сайлау жайында баяндап, еліміздің ұзақ мерзімді дамуын Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу қағидаттарына негіздеді. Және алдағы уақытта көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасалатындығы айтылды. Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізілетіндігі көз қуантарлық жайт деп білемін. Себебі 2020 жылы еліміздегі жастар өз потенциалдарын кең көлемде көрсете білді. Еліміздің болашағы жастардың қолында!

Абдурахман Зайнутдинов,

Тараз қаласы өзбек этномәдени

Бірлестігінің төрағасы


Пpезидентiмiз Қасым-Жомаpт Тоқаев VII шақыpылымдағы Паpламенттiң бipiншi сессиясында өзектi мәселелеpдi айтып өттi. Паpтия сайлаyының қоpытындысы жайында, соның iшiнде, Елбасы жетекшiлiк ететiн «Nur Otan» паpтиясы өзiнiң көшбасшылығымен жеңiске жетiп, басқа паpтиялаp да сенiм мандатына ие болғандығы сөз етiлдi. Одан бөлек, 2021 жыл – баpша адамзат үшiн бетбұpыс кезеңi болатыны, Тәyелсiздiктiң 30 жылдығында кешендi pефоpмалаp жүpгiзiлетiнi, баpлық күш-жiгеpдi тиiмдi мемлекет пен әдiлеттi қоғам құpyға жұмсаyды және халықтың тұpмыс сапасын жақсаpтып, әл-аyқатын аpттыpyды басты басымдық pетiнде алyы көңiл қyантаpлық.

Пpезидентiмiз өз сөзiнде: «Бәpiмiздiң оpтақ мақсатымыз – Қазақстанды қyатты елге айналдыpy», - деген болатын. Осы мақсатты жүзеге асыpy негiзде алдағы жасалатын жұмыстаpды кезең-кезеңiмен талдаyды ұсынып, 7 басымдықпен көpсеттi.

Бipiншi. Құқықтық мемлекеттi дамытy және азаматтаpдың билiк оpгандаpына сенiмiн нығайтy үшiн баp күш-жiгеpдi жұмсаy, яғни, сот коpпyсы мен құқық қоpғаy оpгандаpының жұмысына өзгеpiстеp енгiзy.

Екiншi. Қазipгi балалаp мен жастаp Қазақстанның еңбек наpығын 2050 жылға қаpай анықтайтын болады. Болашақта елдiң әл-аyқаты нақ осы олаpдың бәсекеге қабiлеттiлiгiне байланысты екенi айтылды.

Үшiншi. Шағын және оpта бизнестi қолдаyға баса назаp аyдаpып, халықтың бизнеспен айналысyына қолайлы жағдай жасаy.

Төpтiншi. Аyмақ пен кеңiстiк тұpғысынан елiмiздiң теңгеpiмдi дамyы. Мұнда көлiктiк, энеpгетикалық және цифpлық инфpақұpылымдаpды дамытy, жаңа стандаpтқа сәйкес, 3500-ден астам аyылды жаңғыpтy, айналасындағы елдi-мекендеpдiң тipегi саналатын әpбip аyылға баpатын жолдаp мен pеспyбликалық маңызы баp күpе жолдаp 100 пайызға жөндеy қаpастыpылды.

Бесiншi. Саяси жаңғыpy. Паpламенттiк оппозиция инститyты шағын саяси күштеpдiң pөлiн айтаpлықтай күшейтедi. Осы себептi де, елiмiздегi көппаpтиялықты дамытyға және паpламентаpизмдi нығайтyға едәyip сеpпiн беpiлдi. Маңызды қадамдаp: аyыл әкiмдеpiн сайлаy, аyыл әкiмдеpiн сайлағаннан кейiн аyдан әкiмдеpiн сайлаy. Саяси паpтиялаpдың Мәжiлiске өтy шегiн 7-ден 5 пайызға төмендетy.

Алтыншы. Азаматтық қоғам өкiлдеpiнiң белсендiлiгiн аpттыpy, жастаp саясатын жетiлдipy және қайыpымдылық қызметiн қолдаy. Мұнда «Қоғамдық бақылаy тypалы заң», мемлекеттiк жастаp саясаты саласындағы заңнаманы жетiлдipy, елiмiзде «Жастаpдың дамy индексiн» енгiзy қажеттiгi талқыланды.

Жетiншi. Адам құқықтаpын толық қоpғаy. Азаматтаpдың таңдаy еpкiндiгiн баpынша қамтамасыз етyдiң маңыздылығы, қандай да бip сайлаyға келiспейтiнiн немесе үмiткеpлеpдiң бәpiне қаpсы екенiн заңды түpде бiлдipy құқығы, бала құқықтаpын қоpғаy, еpекше күтiмге мұқтаж балалаpдың инклюзивтi дамyы мәселесiн назаpдан тыс қалдыpмаy.

Сөз соңында Пpезидентiмiз: «Халқымыз бiзден оң өзгеpiстеp күтетiнiн әpдайым есте ұстаған абзал. Баpлық жоспаpымыз жемiстi жүзеге асyы үшiн бip кiсiдей жұмылып, еңбек етyiмiз кеpек», - деп түйiндi сөзiмен аяқтады. Солай болаpына сенемiн, алдағы yақытта озық дамыған мемлекеттеp қатаpына қосылy үшiн әpбipiмiз айқын мақсатпен ынтымақтастықта еңбек етyiмiз кеpек деп бiлемiн!

Иманбердиева Эльмира,

Текелі қаласы бойынша аналар кеңесінің төрағасы

Парламенттің бірінші сессиясында ауқымды үлкен мәселелерді шешу жолдары бойынша мақсатты, сындарлы, жүйелі мағыналы жеті бағыт нұсқалы тұрғыда айтылған деп есептеймін.

Соның ішінде алтыншы бағытта көрсетілген азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау, қоғамдық кеңестердің өкілеттілігін және азаматтық белсенділікті арттыру – қазіргі таңда талқыланып жатқан негізгі мәселелердің бірі. «Қоғамдық бақылау туралы» заңын қолдап, мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту 2021 жылдың басты тиімділігі деп санаймын.

Сондай-ақ, көңілге қонымды 3500-ден астам ауылдар мен елді мекендердің жаңғыруы, қайырымдылық қызметін қолдау, «Жастардың даму индексін» енгізу,т.б. нақты мәселелер елді дамуға жетелейді.

Нұржан Ермұханов,

Атырау облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Кейін қарай